Жарияланым белсенділігі

Жарияланым белсенділігі 

   Thomson Reuters мәліметтер базасында тіркелген журналдарда 2016 жылы Қазақстан ғалымдарының  1624 мақаласы жарияланған. Оның ішінде ҚазҰУ-дың қызметкерлері мен оқытушыларының 283 мақаласы 83 жоғары рейтингті баспаларда, оның 116-і шет ел әріптестерімен бірлесіп жарияланған ғылыми жұмыстар.

 

  2016 жылы Sciverse Scopus мәліметтер базасында тіркелген журналдарда Қазақстан ғалымдарының  2 677 мақаласы жарияланған. Оның ішінде 386-сы ҚазҰУ-дың қызметкерлері мен оқытушыларының мақаласы. Осылайша, ҚазҰУ ғалымдарының мақалараының үлесі 14,4%, ал Ғылым Ордасы ғалымдарының ғылыми жұмыстары есебімен 15,1%.

 

 

Университеттің профессорлық-оқытушы құрамының рейтингтік басылымдарда жариялау қызметін материалдық ынталандыру шарасы: профессорлық-оқытушы құрамының рейтинг көрсеткішінің нәтижесіне сәйкес жалақыға қосымша төлем және жартыжылдық нәтиже бойынша 65 және 155 АЕК көлемінде журналдың Impact-Factor/SJR индекс көрсеткішіне байланысты Web of Science, Thomson Reuters халықаралық деректер базасына кіретін жоғары рейтингті журналдарға жарияланған мақалаларға сыйақы беру болып табылады.