Start-up

Стартап – бұл жаңадан жасалған ( мүмкін әлі заңды тұлға ретінде саналмайтын) және енді ғана даму кезеңінде орналасып, өзінің бизнесін инновациялық идеялар немесе жаңадан пайда болған технологиялар негізінде құрылған компания.

Жаңа стартап шығарудың негізгі көзі – жақсы дайындалған жаңашылдық идея.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті стартап компанияларға жан-жақты қолдау көрсетуде, яғни олар факультеттегі студенттік бизнес-инкубаторлар, жалпы университеттік бизнес-инкубаторлар және технопарктарда жүзеге асырылады.

Жыл сайын университет қабырғасында студенттік бизнес-инкубаторларда инновациялық жобалар бойынша байқалуар (жарыстар) өткізіледі. 2015 жылы университетте 10 Start-up компаниялар құрылды.

ҚР стартап компанияларды қолдау АҚ «Технологиялық Даму бойынша Ұлттық Агенттігі» және қорлар мен даму институттары арқылы жүзеге асады. 2014 жылы ҚР индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің қолдауымен АҚ «Технологиялық Даму бойынша Ұлттық Агенттігі» қазақстандық инновацияларды қолдаушы «KazINNO» бағдарламасын шығарды.

Кәсіпкерлердің өзіндік қолдау бағдарламаларын Информациялық Технологиялар Паркі «Алатау» және Корпоративтік қор «Коммуникациялық технологиялардың даму фонды» көрсетті. Қордың басты міндеті – технологиялық стартаптар мен стратегиялық проектілерді инвестициялау арқылы қазақстандық ІТ- тармақтарын дамыту. «Алатау» технопаркінде қазақстандық инновациялық компаниялардың кеңселері орналасқан, парктің резиденттері салық жеңілдіктеріне ие, технопарктің мамандары иноваторларға бизнес-жоспар құруда және инвесторлар табуда өз септігін тигіздеі.

Бизнес-періштелер клубы “Atameken Angels” стартаптарды инвестрлеуге дайын Қазақстанның табысты жеке кәспкерлерін біріктіреді.

Студенческие Start-up компании