Студенттер сенаты

ҚазҰУ Студенттер Сенаты - озық ойлы, креативті патриот жастардың бір ортаға жиналып, әлеуметтік, инновациялық жобаларды іске асыратын ұйым. Сенат - таланттыларды даралайтын, студенттік құндылықты ерекшелейтін жастар ордасы. Сенатпен өзіңді тануға қадам жаса!!!

Сенат деген не?

ҚазҰУ студенттер Сенаты – әр факультеттің Мәслихат мүшелері кіретін студенттердің өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы.

Студенттер Сенатының мақсаты студенттер қызығушылығын университет басшылығының алдына ұсыну, халықаралық, мемлекеттік және университетаралық деңгейде университет имиджін жоғарылату және нығайту, қоғамдық өмірдің бастапқы функционалды бағыттары бойынша іс-шаралар өткізу және жүйелі жұмысты ұйымдастыру, студенттерде басқару қызметінің біліктіліктерін дамыту және ішкі потенциалдың жүзеге асырылуына көмек көрсету, университетте оқу процесінің тиімділігін жоғарылату, студенттердің белсенді өмірлік және азаматтық позициясын жоғарылату, салауатты өмір салтын насихаттау, университет және факультет деңгейінде студенттердің өзін-өзі басқару механизмдерін жоғарылату бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

Студенттер сенаты өзінің міндеттерін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

Мәдени-жалпыламалық бағыт (студенттердің әр түрлі қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін қызығушылықтары бойынша ұйымдар құру және жүргізуді ұйымдастыру және т.б.,  мұражайларға, театрларға, жәрмеңкелерге баруды ұйымдастыру және т.б.).

Спорттық бағыт (спорттық жарыстар жүргізу, қызығушылықтары бойынша спорттық клубтар мен секциялар ұйымдастыру, спартакиада, чемпионат туралы ақпараттарды студенттерге жеткізу, сонымен қатар дене шынықтыру және спорт жаттығулары үшін жағдай жасау, университеттің спорттық жетістіктерін баяндау және т.б.)

Студенттер үшін Сенат немен пайдалы?

Сенат көп нәрсені үйретеді: Ректордың тақырыптық жобалары бойынша қызықты іс-шараларды ұйымдастырудағы командалық жұмысқа, сенің потенциалыңды ашуға, сендегі Көшбасшылық қасиетті оятуға, оқу процесінің тиімділігін жоғарылатуға, белсенді өмірлік және азаматтық позицияны құруға көмектеседі, салауатты өмір салтының пайдасын насихаттап, қызықты және перспективті адамдармен танысуға мүмкіндік туғызады, өз уақытын бағалауға және белсенділікті оқумен қатар алуға үйретеді, сонымен қатар студенттер талантын дамытуға әсерін тигізеді.