Студенттік өмір

Студенттік ұйымдар:

ҚазҰУ жастары – сенің мүмкіндіктер мекенің!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастары – бұл өзінің университетіне деген көздерінде құштарлықтары жалындаған жастар ғана емес, жекелеген әлемде кез-келген биіктерді бағындыруға деген талпыныс оттары бар жастар!

Студенттік өмір жарқын естеліктермен, қызықты сәттермен есте қалуы керек. Тек университетте ғана осы қойылған мақсаттарға қол жеткізуге болады. Жастардың өз идеяларын жүзеге асыруға арналған кеңістіктері, жас мамандардың үзілмес желісі. Жақсы достардың ортасы, ұмытылмас ашылулар, ғажайып сәттер. Әрбіріміз үшін жасалған үлкен жағдай. Барлық осы жылы атмосфера – ҚазҰУ жастарында!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдары комитеті (әрі қарай ЖҰК) – бұл барлық студенттік ұйымдар мен қызығушылығы бойынша клубтардың бірлестігі.

Негізгі мақсаттары:

- студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;

- студенттердің білім алу, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да мәселелері бойынша мүдделерін қорғауға, шешім қабылдауға көмектесу;

- жастардың әлеуметтік жауапкершілік сезімдерін дамытуға, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге белсенді ат салысуына жағдай жасау;

- студенттердің демократиялық дәстүрін сақтау және дамыту;

- студенттердің тұрмыстық және демалыстық, білім алу және тәрбие үрдісін ұйымдастыру, сондай-ақ білім алу мен ғылыми міндеттерін шешуге байланысты бақсару ұйымдармен көмек қолын созу.

Негізгі міндеттері:

- студенттердің әлеуметтік, азаматтық және кәсіби қалыптасуына көмектесу;

- студенттердің ғылыми және кәсіби қызығушылықтарын ескере отырып, білім беру үрдісінің сапасын жоғарылатуға ұсыныстар жасау;

- студенттік қоғамдық шараларды, студенттік конференцияларды, дөңгелек үстелдер, көрмелер мен бітірушілердің кездесуін және т.б. ұйымдастыру;

- отансүйгіштікке тәрбиелеуге, студенттердің көзқарастарын қалыптастыруға, мемлекет мүлкіне деген жауапкершілікті жоғарылатуға байланысты жұмыстарды жүргізу;

- студенттік өмірді баспа және басқа да БАҚ құралдарымен жан-жақты хабардар ету;

- жоғары оқуаралық, аймақаралық және халықаралық байланыстарды бекіту.

«Жастар ұйымдарының комитетінің» төрағасы: Ерниязова Айсұлу Әлімжанқызы

Телефон: 8-(727)-221-14-51. іш. 1451

Электронды пошта: kmo_kaznu@gmail.com