"Сұңқар" студенттер кәсіподағы

ҚР Азаматтық Кодексі және ҚР Конституциясы негізінде азаматтардың заңдық қызығушылықтары мен құқықтарын жүзеге асыру үшін кәсіби ортақ қызығушылықтары мен еркін ерік білдіру негізінде құрылған «Сұңқар» студенттер кәсіподағы ерікті, дербес, тәуелсіз, бекітілген және жеке мүшелігі бар үкіметтік емес қоғамдық бірлестік болып табылады.

Кәсіподақ 1999 жылы 14 сәуірде құрылды. Кәсіподақтың негізгі мақсаты – ҚР заңдарына сәйкес ҚазҰУ студенттерінің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделерін, еңбек құқығын қорғау.

 


«Сұңқар» студенттер кәсіподағы қоғамдық бірлестігі

ҚР Азаматтық Кодексі және ҚР Конституциясы негізінде азаматтардың заңдық қызығушылықтары мен құқықтарын жүзеге асыру үшін кәсіби ортақ қызығушылықтары мен еркін ерік білдіру негізінде құрылған «Сұңқар» студенттер кәсіподағы ерікті, дербес, тәуелсіз, бекітілген және жеке мүшелігі бар  үкіметтік емес қоғамдық бірлестік болып табылады.

Студенттер кәсіподағының мақсаттары мен атқаратын қызмет түрлері: 

– Қазақстан Республикасының бекітілген Заңына сәйкес ұйымдасқан қорғау мен ұсыным негізінде өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен қызығушылықтарын ұйымдасып қорғау, жағдайды жақсарту, мүшелерінің еңбегі мен денсаулығын қорғау, бірігіп әрекет етіп:

- қарастырылған Заңға сәйкес стипендиялар мен жәрдемақылардың уақытылы түсуін қамтамасыз ету;

- еңбек етуге, оқуға қауіпсіз жағдайлар жасау;

- шығармашылық еңбек ету мен оқуға жағдай жасау;

- медициналық көмек көрсету, емделу және демалуға, тұрмыстық-үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік жасау және т.б.;

- жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету.

Студенттік кәсіподағына мүше болу.

Кәсіподақ мүшесі болып кез келген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алатын Жарғыны және оның барлық талаптарын қабылдаған азамат бола алады.

Студенттік кәсіподақ мүшесі келесі құқықтарға ие:

- шығармашылық және рухани еркіндікке;

- Студенттік кәсіподақ құзырлығындағы барлық шығармашылық, заңгерлік және әлеуметтік көмектерді алуға;

- бекітілген тәртіпте санаторлық-курорттық немесе басқа да емдік-сауықтыру мекемелеріне жолдама алуға;

- кәсіподақ өткізетін барлық қоғамдық іс-шараларға қатысуға.  

Әлеуметтік қызметтер түрлері

Студенттер мәселесі

Құжаттар тізімі (көшірме түрінде)

Көмек түрлері

1

Мүмкіндігі шектеулі студенттер

Жеке куәлік;

РНН;

Студенттік билет;

Мүгедектік туралы анықтама

Бір реттік әлеуметтік көмек

2

Балалы студенттер

Жеке куәлік;

РНН;

Студенттік билет;

Баласының туу туралы куәлігі;

Некеге тұру куәлігі.

«Жаңа жылдық» сыйлық, бір реттік

3

Денсаулығы нашар, көпбалалы отбасыларынан шыққан студенттер

Жеке куәлік;

РНН;

Студенттік билет;

Дәрігерлік комиссия хаттамасы;

Үй кітапшасы немесе анықтама.

Бір реттік әлеуметтік көмек

4

Асқазаны және қант диабетімен ауыратын студенттер

Жеке куәлік;

РНН;

Студенттік билет;

Студент емханасынан анықтама (ҚазҰУ-дың медпунктімен куәландырылған).

ҚазҰУ-дың барлық тамақтандыру орындары үшін 20 талон

5

Ата-анасының біреуі жоқ студенттер

Жеке куәлік;

РНН;

Студенттік билет;

Туу туралы куәлік

Әкесінің немесе анасының қайтыс болғаны туралы куәлік.

Бір реттік әлеуметтік көмек

6

Ата-анасының екеуі де жоқ студенттер

Жеке куәлік;

РНН;

СИК;

Студенттік билет;

Туу туралы куәлік;

Ата-анасының қайтыс болу туралы куәлігі (нотар. куәләндырылған);

Қамқоршылық туралы куәлік (нотар.куәләндырылған);

және т.б. анықтама.

Бұйрық бойынша ай сайынғы әлеуметтік көмек;

Жатақханада тегін тұру

«Сұңқар» студенттер және магистранттар кәсіподағының төрағасы: Сыдықова Айдана Дәуренқызы.

Телефон8-(727)-221-13-58.

Электронды пошта, e-mail:  sunkar-kaznu@mail.ru