"Көмек" еркітілер қозғалысы

Әлемді жақсылықпен тербетуге, мейіріммен жұбатуға, қолдаумен жәрдемдесуге, көмек қолымен алға жетелеуге өз үлесін қосуға дайын студенттердің бірлестігі - "Көмек" қоғамдық қоры. Біз қазір әлемде болып жатқан әр түрлі жағдайлардың куәсі бола отырып, жер бетінде жақсылықтың таралуына, үстем болуына мейлінше өз үлесін қосуда еңбектенетін жандардың қатарынанбыз. Біз - көмекке мұқтаж жандардың барлығына, үлкені мен кішісіне мейлінше жәрдем етуді өз мақсатымыз деп білетін студент жастардың бірлестігіміз. Біздің мақсатымыз - жақсылыққа үндеу, жақсылықтың таралуына еңбек ету және жан жылуымен бөлісу. Сіз де біздің қатарымыздан табылыңыз!

«Көмек» – бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың негізінде құрылған халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарына көмек көрсету мақсатындағы еріктілер жұмысынның ұйымдастырылуымен айналысатын студенттер қауымы.

Жобаның негізі: 

Біздің болашағымыз - жастардың қолында. Қоғамның қалыптасуына жас ұрпақтың маңызы зор. Еріктілік жұмыс – бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін танытатын, әлеуметтік жауапкершілікке, патриотизмге, көшбасшылық қасиеттерге, студенттерді бірін-бірі түсінушілікке және қолдауға тәрбиелейтін кең ауқымды қызмет түрі. Біздің мақсатымыз жастар энергиясын өздерінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына және қоғам пайдасына бағыттау. Біздің жоба жетімдерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, түзету мектебіндегі балаларға, аутизм және ісік ауруларымен ауыратын балаларға, сонымен қатар еріктілік көмекке мұқтаж қарттарға еріктілік көмек ұйымдастыруға негізделген. Сонымен бірге мұнда формальді емес білім аясында интермәдени қатынасқа, бітімгершілікке, келіспеушілікті шешуге, экологияны қорғауға бағытталған балалармен жұмыс та кіреді. Сонымен қатар балалар үйінің аясынан шықпайтын, сүйіспеншілік, ерекше көңіл, ауқымды қарым-қатынас және үй жылуы жетіспейтін балалармен шаралар өткізіледі. Ондай балалардың шектеулі аумақта өмір сүріп, сыртқы ортамен еркін қарым-қатынас жасау мүмкіншіліктерінің болмауы және өмірді нашар бағамдайтыны белгілі. Сол себептен олармен үнемі жұмыс істеу керек. Өкінішке орай, тәрбиешілерге оған уақыт жетпейді. Сондықтан біздің университетіміздің және басқа да ЖОО-ның студенттері бұл жұмысқа ат салыса алады. Тұрақты жұмыс жасайтын студенттік жастардан құралған біздің жобамыз көптеген балалар үйін қамти алады. Ал ең бастысы, көптеген балаларға өмірде өз жолын табуға көмектеседі!

Мақсаттары:

1.    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студент жастарының әлеуметтік жауапкершілігін, бір-біріне көмектесуін және қолдауын дамыту.

2.    Студент жастарға патриотизм, көшбасшылық қасиет, экологиялық, эстетикалық, этикалық және еңбек тәрбиесінің негізін ендіру.

3.    Моральдық және физикалық көмек көрсету.

4.    Балалардың аурумен күресу деңгейін жоғарылату.

5.    Жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық (репетиторлық) көмек көрсету.