Болон үдерісі бойынша студенттік бюро

                                                                                                                    

Бүгінде Болон үдерісі бойынша студенттік бюро - студенттердің академиялық мәселелері бойынша мүдделері мен қызығушылықтарын қорғау және қолдау көрсету мақсатында құрылған ұйым. Ұйым үшін ең маңыздысы - сенім болып. Студенттердің тәуелсіз тұлға ретіндегі сенімдері аса маңызды. Біздің міндетіміз оңай емес, бірақ шынайы. Біз университетімізідің білім беру саясатының ашықтығы мен сапасын жоғарлатуға ұсыныстар айтамыз.

БҮбСБ – бұл университет әкімшілігі және студенттер сұхбатының жаңа форматы. Біріншіден БҮбСБ шиеленісті оқиғалардың алдын алу үшін профилактикалық және түсіндірмелік жұмыстар жасайды.

Ұйымның міндеттері:

1. Оқу үрдісін басқаруға  студенттердің қатысуының белсенділігін арттыру:

- жоғары оқу орнында білім берудің сапасын арттыруға ұсыныстар мен ескертпелер енгізу саясатының ашықтығын енгізу;

- студенттердің өздерінің білім траекторияларын құруға толықтай қатысуын қамтамсыз ету.

2. Сапалы білім беру саясатын жүзеге асыру:

- емтихандардың дұрыс жолмен тапсырылуын қадағалау;

- білім алу сапасының мониторингін жасау.  

3. Ішкі академиялық ұтқырылықты дамыту.

4. Шетел азаматтарын қолдау.

5. Студенттердің халықаралық жобаларға қатысуын белсенді түрде арттыру.  

Болон үдерісі бойынша студенттік бюроның мақтанышы "Advice" студенттерді қолдау орталығы.  Орталық бүгінде әкімшілік пен студенттердің сұхбат алаңына айналған. Мұнда оқу үрдісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылып, ескертулер мен ұсыныстар қабылданады. Әр түрлі сұрақтар бойынша студенттер анонимді түрде немесе жеке түрде келіп кеңес ала алады. Орталықта студенттердің өзі жұмыс жасайды: олар жоғары курстың университеттің академиялық саясатын меңгерген,  басқа да нормативті-құқықтық құжаттарын білетін студенттер. Мұндай тәжірибелер әкімшіліктің студенттермен байланысын реттейді. Орталықтың басты мақсаты да студенттердің сенімін және конфиденциалдығын сақтау болып табылады.

БҮбСБ-ң танымал жобалары:

·SSS (Super Smart Student) Al'farabi Smart City жобасы аясында, кезеңдер бойынша өткізілетін интеллектуалдық сайыстар нәтижесінде біз университетіміздің ең ақылды студентін анықтаймыз.

· «Табысқа бастар жол» атты жыл сайынғы білім беру бағдарламалары, шәкіртақы және бос орындар жәрмеңкесі.

· «Таза сессия» жобасы. Емтихан кезіндегі мониторинг, бейне бақылау.

· Жыл сайынғы оқу ісі жөніндегі проректордың барлық факультеттердің топ басшыларымен, сондай-ақ ҚазҰУ-да оқитын шетелдік студенттермен кездесуін ұйымдастыру.

Әрбір студент өз дауысын білдіруге құқылы және Қазақ ұлттық университетінің Болон үдерісі бойынша студенттік бюросы осы мақсатта жұмыс істейді. Біз әрқашан да бізге арқа сүйеген және біздің қатарымызға қосылғысы келген студенттер үшін қуаныштымыз!