"Жас Отан" ЖҚ

 


ҚазҰУ-да «Жас Отан» ЖҚ-ның өкілдігі 2014 жылдың қаңтар айында құрылып, өз жұмысын бастады.

ҚазҰУ-да «Жас Отан» ЖҚ студент жастардың патриоттық сезімдерін оятатын, рухтарын көтеретін мерекелік шаралар өткізіп отырады. Сондай-ақ «Жас Отан» ЖҚ-ның өзіндік жобаларын да жүзеге асырады. Мысалы: «Ардагерлерді ардақтайық», «Қазақша сөйлесейік», «Жастар-Отанға» т.б жобаларына байланысты түрлі іс-шаралар өткізеді.

 

Алғаш рет 2014 жылы ҚазҰУ-да «Жас Отан» ЖҚ бөлімшесі ұйымдастырылып, өзінің белсенді жұмысын бастады. ҚазҰУ «Жас Отан» ЖҚ жастардың отансүйгіштігін оятуға бағытталған әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Сонымен қатар, «Жас Отан» ЖҚ жеке жоспары да жүзеге асырады.
«Жас Отан» ЖҚ міндеттері:
- демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құруға жастарды тарту;
- жастарда қазастандық отансүйгіш және азаматтық жауапкершілік қасиеттерін, республикалық рәміздерге, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері мен тілге деген құрмет қалыптастыру;
- Қазақстан Респбуликасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға ықпалдастық таныту;
- жастардың экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да құқықтарын қорғау қызметіне араласу;
- жастарды қазақстандық демократияны бекітуге, әлеуметтік және экономикалық сфераларды дамуытуға тарту;
- жастар мәдениетін дамытуға қолдау көрсету, жастардың кәсіби, интеллектуалдық және білім деңгейін көтеру;
- білім, салауатты өмір және еңбекті дәріптеу;
- жастар кәсіпкерлігін дамытуға үлес қосу, жас азаматтадың Қазақстанда жұмысқа орналасуына көмек көрсету;
- жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдау және жүзеге асыру;
- жастардың физикалық, рухани жетілуіне және өмір жағдайларының жақсаруына әсер ету, спорт, туризмді дамыту; 
- жастарды аға буынға деген құрметке, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;
- жастар және жасөсіпірімдер арасындағы қылмыс бойынша құзыретті ұйымдармен селбестік таныту;
- талантты жастарды іздеу, оларға таланттарын танытуға мүмкіндік беру;
- білім мен ғылымның, мәдениет және өнердің, қоршаған ортаны қорғаудың  әр түрлі салаларында жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ақпараттық жұмыстар жасауын ұйымдастыру және қолдау;
- «Нұр Отан» ХДП мен «Жас Отан» ЖҚ міндеттерін халыққа түсіндіру және таныстыру;
- Қазақстан Республикасының заңдарына қарама-қайшы келмейтін, «Жас Отан» ЖҚ негізгі мақсатына сәйкес міндеттерді жүзеге асыру.

 

Біз тек ғана алға ұмтыламыз, бізбен бірге болыңыздар! Біздің Елбасымыз айтқандай «Болашақты бірге қалаймыз»!