Әлеуметтік-тәрбиелік қызмет

     

 

 
«Айналаңды нұрландыр» жобасы 16.11.2018 ж.

«Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында атақты қазақ режиссеры Ақан Сатаевтің фильмін тамашалау ісшарасының

ЕСЕБІ

Факультет: Физико-техникалық

Кафедра: Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика

16.11.2018ж. № 233 топ «Электроэнергетика» мамандығының студенттері «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында атақты қазақ режиссеры Ақан Сатаевтің фильмін тамашалауға барды. Фильмнен кейін, осы қойылым туралы студенттердің арасында фильмнің идеясын талқылау болды. Фильмнің идеясы студенттерге, жастар өміріне дұрыс тәрбие беретін бағытта түсірілген.

«Менің мамандығым - кеше, бүгін және ертең» ісшарасы   15.11.2018 ж.

«Рухани жаңғыру» жобасының аясында «Менің мамандығым - кеше, бүгін және ертең» ісшарасының

ЕСЕБІ

Факультет: Физико-техникалық

Кафедра: Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика

15.11.2018ж. «Электроэнергетика» мамандығының студенттері «Рухани жаңғыру» жобасының аясында «Менің мамандығым - кеше, бүгін және ертең» іс шарасына қатысты
 
«Жүрегімнің иесі» қойылымы 9.11.2018 ж.

«Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында театрға бару

ЕСЕБІ

Факультет: Физико-техникалық

Кафедра: Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика

9.11.2018ж. № 233 топ «Электроэнергетика» мамандығының студенттері «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында «Жүрегімнің иесі» қойылымын тамашалады. Студенттер қойлымды үлкен ынтамен көріп, жақсы эмоциялар алды.

 
«Абай жолы» 08.11.2018ж. 08/11/2018ж. сағат 17:00 301 аудиторияда ПФНжКФ кафедрасының оқытушылары Токтамысова М. Т., Еримбетова Л.Т., Қисан А. ұйымдастыруымен ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап жобасынабайланысты «Электр энергетикасы» мамандығының 1 курс 139 топ студенттері арасында «Абай жолы» атты танымдық-жарыс сағаты өтті. Сабақ барысында студентерге Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан сұрақтар қойылып, Абай өмірі туралы қызықты деректерден баяндама жасалды. Осы арқылы студенттер Әуезов шығармасымен танысты және Абай туралы мағлұматтар алды.
 «Цифрлы Қазақстан» 03.11.18 ж. 

Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика          кафедрасының тәрбие сағатының есебі

         03.11.18 ж. Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес Физика-техникалық факультеті Плазма және компьютерлік физика кафедрасында Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Цифрлы Қазақстан – Ел болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушылар: Еримбетова Л. Т., Токтамысова М. Т., Амренова А.У., Исанова М., магистрант-практиканттар.

 «Greencampus» жобасы 2.11.18 ж. 

«Greencampus» жобасының аясында мемлекеттер аралық Электроэнергетика саласы бойынша көрмеге бару ісшарасының

ЕСЕБІ

 

2.11.18 ж. «Greencampus» жобасының аясында мемлекеттер аралық Электроэнергетика саласы бойынша көрмеге қатысты. Көрмеде студенттер өз таңдаған мамандықтары бойынша көп ақпараттар алып, мамандықтарына деген қызығушылықтары одан да қатты тереңдеді.Электроэнергетика саласында болып жатқан көп жаңалықтармен танысты.
 
«Рухани жаңғыру» жобасы 31.10.18 ж.

«Рухани жаңғыру» жобасының аясында президент Н.А.Назарбаевтің халыққа жолдауын талқылау ісшарасының

ЕСЕБІ

 

31.10.18 ж. «Рухани жаңғыру» жобасының аясында президент Н.А.Назарбаевтің халыққа жолдауын талқылау ісшарасы өтті. Ісшараға студенттер жақсы дайындықпен келіп, жолдауды талқылауға белсенді қатысты. Жолдаудың жастарға қойған талаптарын әрқашанда қолдайтындығы айтылды.

«Наркотикке жол жоқ» атты ісшарасы  30.10.18 ж.

«Культ здорового тела» жобасының аясында

«Наркотикке жол жоқ» атты ісшарасының

ЕСЕБІ

 

30.10.18 ж. «Культ здорового тела» жобасының аясында «Наркотикке жол жоқ» атты ісшарасы өткізілді. Пікірталас барысында студенттер наркотиктердің жастар өміріне ешқандай жол болдырмау жолын талқылап, жастар арасында бұл дерттің тарамау жолдарын қарастырды.

«Гринкампус» 11.02.2018 ж. Нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының «Гринкампус» плазма бөлімінің білім беру қызметі туралы есеп.
11/02/18 Атакент қаласында энергетика саласының көрмесіне сапары болды. Энергияның қауіпсіз нысандары туралы сұрақтар көтерілді. Жауапты кураторлар: Абдиева С., Мұқаш Ж., Токтамысова М., Еримбетова Л., Г.Шыныкулова.
«Ұлттың ұлы ұстазы – А.Байтұрсынов» 1.11.2018 ж.

Плазма физикасы нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының

Рухани Жаңғыру жобасына байланысты өткізілген «Ұлттың ұлы ұстазы – А.Байтұрсынов» атты экскурсиялық тәрбие сағатының есебі

 01/11/2018 «Электроэнергетика» мамандығының 139, 147, 141 топ студенттері А.Байтұрсынов мұражай-үйіне экскурсияға барды. Экскурсия барысында студенттер Алаш қайраткері, ағартушы А.Байтұрсыновтың өнегелі өмірімен танысып, оның қазақ қоғамына қосқан үлестері туралы мағлұмат алды. Осы экскурсия студенттерді отаншылдыққа, еңбекқорлыққа, жалықпай білім ізденуге баулыды.  

«Өнер алды – қызыл тіл»  31.10.2018ж.

«Өнер алды – қызыл тіл» атты зияткерлік тәрбие сағатының есебі

Жоба -«Рухани жаңғыру»

Факультет- физика-техникалық

Кафедра - ПФНжКФК

 31/10/2018ж. сағат 15:00 301 аудиторияда ПФНжКФ кафедрасының оқытушылары Еримбетова Л.Т., Токтамысова М.Т., Қисан А., Мукаш Ж. Машеева Р. және 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Электр энергетикасы» мамандығының 1 курс студенттері арасында «Өнер алды – қызыл тіл» атты зияткерлік тәрбие сағаты өтті. Сабақ барысында студентерге қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі қызықты сұрақтар қойылып, студенттер өзара тіл білімінен күш сынасты. Осы арқылы студенттер үш тұғырлы тіл саясатының маңызын түсініп, көп тіл білуге деген құлшыныстары оянды.

''Табиғатты қорға!'' 29.10.18 ж.

''Табиғатты қорға!'' атты іс-шараның есебі.

Жоба- Айналаңды нұрландыр!

Кафедра –ПФНжКФ кафедрасы

Жауапты кураторлар: Еримбетова Л., Нургалиева К., Абдиева Ш., Сейсембаева М., Амренова А., Байдуалиева А.

Өткізілген күн, аудитория, уақыт- 29.10.18, 301 ауд., 14:00

Мақсат- Табиғатты қорғау мәселесің көтеру. Табиғатты қорғау- қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.

«Тіл мәртбесі – ел мәртебесі» 22.09.2018 ж.

«22 қырқүйек – Қазақстан халқының тілдер күні» мерекесі аясында ұйымдастырылған «Тіл мәртбесі – ел мәртебесі» атты мерекелік іс-шараның есебі

22.09.2018 ж. 301 ауд сағат 16-00 ПФНжКФ кафедрасының оқытушылары Коданова С.К., Еримбетова Л.Т., Нұрғалиева Қ.Е, Абдиева Ш.А., Байдуалиева А.Қ., Сейсембаева М.М., Амренова А.У. және «Электр энергетикасы» мамандығының 2 курс студенттерімен «Тіл мәртбесі – ел мәртебесі»   атты тәрбиелік маңызы бар, мерекелік кешін өткізді. Мерекелік кеш ән-күй, сұрақ жауап түрінде өтті. Студенттер қазақ, орыс, ағылшын және парсы тілінде өлен шумақтарын оқып, сол тілдердің тарихы туралы мәліметтер беріп өтті.

 «Тіл – ұлы байлық» 21.09.2018 ж.  

«22 қырқүйек – Қазақстан халқының тілдер күні» мерекесі аясында ұйымдастырылған «Тіл – ұлы байлық» атты іс-шараның есебі.

21.09.2018 ж. 301 ауд сағат 16-00 ПФНжКФ кафедрасының оқытушылары Коданова С.К., Еримбетова Л.Т., Нұрғалиева Қ.Е, Абдиева Ш.А., Байдуалиева А.Қ., Сейсембаева М.М., Амренова А.У. және «Электр энергетикасы» мамандығының 2 курс студенттерімен «Тіл – ұлы байлық» атты тақырыпта пікірталас жүргізді. Пікірталас «Термин сөздерді қазақ тіліне аудару қажет пе, әлде жоқ па?» дегенде сұрақты талқылауға арналды. Іс- шарада жақтаушы және даттаушы жақтар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

 
 «Наурыз табиғат жаңаруы! 02.04.2018 ж.  Қатысушылар: 1-3 курс студенттері.
Плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы Д.Г. Батрышев «Айналаңды нұрландыр!» атты жобасы аясында «Наурыз табиғат жаңаруы!» атты іс-шара өткізді. Іс-шара мақсаты:  болашақ өмірді тәрбиелеу және рухани-насихаттауды дамытуға серпіліс жасау.
Қойылған есептер: Қоршаған ортаны қорғайтын оқушыларға қызығушылық туғызады. Студенттердің рухани құндылықтарын дамыту.
Мерекелік іс-шара студенттерді рухани-насихаттау және тәрбиелеу мәселелеріне арналды.
«Гринкампус» жобасы 14.04.2018 ж.

«Гринкампус» жобасының аясында факультет аумағын көгалдандыру іс шарасы

14.04.2018ж. физика техникалық факультетінде , сағ. 12.00-де шетел студенттерінің қатысуымен «Гринкампус» жобасының аясында факультет аумағын көгалдандыру халықаралық іс шарасы өткізілді. Іс шараға 1курс Электроэнергетика мамандығының студенттері мен қатар Ауғаныстандық студенттер де қатысты. Іс шара барысында студенттердің өздері білім алып жатқан факультеттің аумағын гүлдендіре отырып, өздерінің ыстық ықыластарын көрсетті.

«100 кітап» жобасы  23.04.2018 ж. 

Плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының оқытуышыларының «100 кітап» жобасы аясында өткізетін іс шараның есебі.

ПФжКФ кафедрасының оқытушылары Молдабеков Ж.М., Толемис М., Шыныкулова Г.Н., Игенбаева А.С., Сызганбаева С.А., Момынов С.Б., Оразбаев С.А., Бастыкова Н.Х., Нургалиева Р.Т., Ташев Б.А., Пшиков М.И., Абденова Ф.Л. кафедраның 5В071800 – Электроэнергетика және 2 курс магистранттарымен бірге №1 жатақханада «Наурыз жыл басы» атты мерекелік іс шара өткізді. Іс-шара жарыс түрінде өтті

«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

17.12.2017 ж.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты  плазма физикасы  және компьютерлік физика кафедрасының оқытушысы Исмагамбетова Т.Н.  жүргізген  іс-шара 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының оқытушысы 17.12.2017 жылы, сағат 13:00 №1 студенттер үйінде «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы іс-шара өткізді

Мақсаты:

*«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» бағдарламасын баяндау

*қазақ тілінің бүгінін бағалап, болашағын бағамдау;

«Біз тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз»

 
17.12.2017 ж.

«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында  «Біз тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз»  атты плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының оқытушысы Дубовцев Д.Ю. жүргізген  іс-шара 

«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының оқытушысы 17.12.2017 жылы, сағат 16:00 №1 студенттер үйінде «Біз тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз» тақырыбындағы іс-шара өткізді

Мақсаты:

* Тәуелсіздігіміздің тарихын баяндау 

*Болашақ жастар қолында екендігін анықтап, көрсету

«Еліміздің еркіндігі тәуелсіздік»

16.12.2017 ж.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Еліміздің еркіндігі тәуелсіздік»тақырыбындағы плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының оқытушысы Ерікова Г.Е. жүргізген іс-шара

«100 кітап» бағдарламасы аясында плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының оқытушысы 16.12.2017 жылы сағат 20:00 №1 студенттер үйінде «Еліміздің еркіндігі тәуелсіздік» тақырыбындағы іс-шара өткізді

Мақсаты:

*Тәуелсіздігіміздің тарихын баяндау

*Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді алуға еңбек сіңірген қайраткерлерді еске алу

«Абай Құнанбаевтың таңдамалы шығармаларын талдау»   30.10.2017 ж.

«100 кітап» бағдарламасы аясында  «Абай Құнанбаевтың таңдамалы шығармаларын талдау» тақырыбындағы жүргізген  іс-шара 

«100 кітап » бағдарламасы аясында плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай Құнанбаевтың таңдамалы шығармаларын талдау» атты 30.10.2017 жылы сағат 10:00, 345 аудиторияда іс-шара өткізілді

Жауапты куратор-эдвайзерлер: Архипов Ю.В., Бастыкова Н.Х., Исанова М.К., Қоданова С.Қ., Еримбетова Л.Т.

Мақсаты:

* Абай Құнанбаевтың шығармашылығын талдау

* Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жинағымен танысу

«"ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесі: маңыздылығы, экономикалық тиімділігі және келешекке көзқарас» тақырыбына арналған іс шара 14.04.2017 ж. Плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының куратор эдвайзерлерінің Электроэнергетика мамандығының 1 курс студенттерімен Айналаңды нұрландыр жобасы аясында «"ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесі: маңыздылығы, экономикалық тиімділігі және келешекке көзқарас» тақырыбына арналған кураторлық сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты студенттерге ЭКСПО дегеніміз не? оның бізге берер пайдасы қандай? ол не туралы болмақ? деген секілді сауалдарға түсінік қалыптастыру.  
«Есігімді қаққан кім» атты қойылымы  01.02.2017 ж. 

«100 кітап» жобасы аясында 01.02.2017 ж. Электроэнергетика 225 студенттеріне рухани тәрбие беру мақсатында К. Қуанышбаев атындағы театрға «Есігімді қаққан кім» атты қойылымына барып қайтты. Қойылымнан кейін студенттер алған өз әсерлерімен бөлісті. Бұл қойылым студенттердің рухани тұлғалық дамуына жақсы әсер етті. Аталған шараға жауапты ПФжКФ кафедрасының куратор-эдвайзерлері Молдабеков Ж.М., Толемис М., Шыныкулова Г.Н., Игенбаева А.С., Сызганбаева С.А., Момынов С.Б., Оразбаев С.А., Бастыкова Н.Х., Нургалиева Р.Т., Ташев Б.А., Пшиков М.И., Абденова Ф.Л.

«Салауатты өмір салты»  22.12.2016

«Салауатты өмір салты» жобасы бойынша, Молдабеков Ж.М., Толемис М., Шыныкулова Г.Н., Игенбаева А.С., Сызганбаева С.А., Момынов С.Б., Оразбаев С.А., Бастыкова Н.Х., Нургалиева Р.Т., Ташев Б.А., Пшиков М.И., Абденова Ф.Л. бос уақытты тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу мақсатында 325 топтың бір бөлім студенттрі өздерінің сабақтан кейінгі бос уақыттарында «Медеу» мұз айдынынна коньки тебуге барды. Осы барыста олар коньки тебуді үйренді және таза ауамен тыныстап қайтты.  

«Тәуелсіздік белестері»   19.12.16 ж. 

«100 кітап» жобасы аясында 1 жатақханада ұйымдастырылған «Тәуелсіздік белестері» атты кеш

19.12.16 ж. 1 жатақханада сағат 19-00 ПФжКФ кафедрасының оқытушылары Молдабеков Ж.М., Толемис М., Шыныкулова Г.Н., Игенбаева А.С., Сызганбаева С.А., Момынов С.Б., Оразбаев С.А., Бастыкова Н.Х., Нургалиева Р.Т., Ташев Б.А., Пшиков М.И., Абденова Ф.Л. студенттермен бірге 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнап «Тәуелсіздік белестері» атты тәрбиелік маңызы бар, мерекелік кешін өткізді. Кешке плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының меңгерушісі профессор Ю.В.Архипов, ПФжКФ кафедрасының, кафедра меңгерушісінің орынбасары Мухаммедрысқызы Маржан қатысты.

Мерекелік кеш ән-күй, би, сұрақ жауап түрінде өтті. Студенттерге Тәуелсіздіктің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар студенттер арасындағы жарыс Қазақстан Республикасы атты жарыс өтті.


 «Тәуелсіздік мәңгі мұрамыз» 09.12.16 ж.  

«100 кітап» жобасы аясында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік мәңгі мұрамыз» атты кеш

09.12.16 ж. 509 ауд сағат 17-00 ПФжКФ кафедрасының оқытушылары Молдабеков Ж.М., Толемис М., Шыныкулова Г.Н., Игенбаева А.С., Сызганбаева С.А., Момынов С.Б., Оразбаев С.А., Бастыкова Н.Х., Нургалиева Р.Т., Ташев Б.А., Пшиков М.И., Абденова Ф.Л. Электроэнергетика 2 курс 225 топ, 3-курс 316 топ студенттерімен 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнап «Тәуелсіздік мәңгі мұрамыз» атты тәрбиелік маңызы бар, мерекелік кешін өткізді. Кешке плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының меңгерушісі профессор Ю.В.Архипов, ПФжКФ кафедрасының, кафедра меңгерушісінің орынбасары Мухаммедрысқызы Маржан қатысты.

Мерекелік кеш презентация түрінде өтті. Студенттер 16 желтоқсан құрбан болған қазақ жасатарын еске алып, оларға арнап көріністер көрсетілді. Шарада Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асанованың ерліктері туралы естеліктер оқылды. Кеште электроэнергетика 225 студенті Бердаулет Ержанның «желтоқсан құрбандары» атты өлең шумақтарын оқыды.

Айналаңды нұрландыр жобасы аясында «Тәуелсіз Елім - Қазақстаным!» тақырыбына арналған іс шара 03.12.2016 ж. Плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының куратор эдвайзерлерінің Электроэнергетика мамандығының 1 курс студенттерімен Айналаңды нұрландыр жобасы аясында «Тәуелсіз Елім - Қазақстаным!» тақырыбына арналған кураторлық сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты : студенттерді елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру, студенттерге патриоттық тәрбие беру, еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, студенттердің өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру  
Айналаңды нұрландыр жобасы аясында «Өз болашағыңды қорғай біл» тақырыбына арналған іс шара 07.11.2016 ж

     Плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының куратор эдвайзерлерінің Электроэнергетика мамандығының 1 курс студенттерімен Айналаңды нұрландыр жобасы аясында «Өз болашағыңды қорғай біл» тақырыбына арналған кураторлық сағатын өткізді.

     Іс-шараның мақсаты «мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту, мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тани білуге үйрету.

 
«Физикалық білім-кемелдену деңгейі»  13.10.2016

«100 кітап» жобасы аясында плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының куратор-эдвайзерлары өткізген «Физикалық білім-кемелдену деңгейі» атты пресс конференциясы

13/10/2016 күні кафедраның оқытушылары Молдабеков Ж.М., Толемис М., Шыныкулова Г.Н., Игенбаева А.С., Сызганбаева С.А., Момынов С.Б., Оразбаев С.А., Бастыкова Н.Х., Нургалиева Р.Т., Ташев Б.А., Пшиков М.И., Абденова Ф.Л. ұйымдастыруымен электроэнергетика студенттері үшін болашақ мамандықтарының қыр сырымен толығырақ танысу үшін Алматы қаласында орналасқан «Корпорация ЕНП» АҚ қызметкерлерімен кездесу болып өтті. Кездесу прес конференция түрінде өтті. Студент өзінің қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Кездесу барысында болашақ энергетиктерге қойылатын талаптар мен экономикалық және құхықтық тұстары таныстырылды.

«Дайындығың қалай жас маман»  19.10.16 

19.10.16 ж. 509 ауд сағат 17-00 ПФжКФ кафедрасының оқытушылары Молдабеков Ж.М., Толемис М., Шыныкулова Г.Н., Игенбаева А.С., Сызганбаева С.А., Момынов С.Б., Оразбаев С.А., Бастыкова Н.Х., Нургалиева Р.Т., Ташев Б.А., Пшиков М.И., Абденова Ф.Л., Электроэнергетика 4 курс 425 топ, топ студенттерімен «Дайындығың қалай жас маман» атты тәрбиелік маңызы бар, іс-шара өткізді. Іс- шарада бітіруші курстың болашаққа деген жоспарлары мен мамандықтың қыр сыры туралы ақпарат берді. Іс-шара презентация, диспут түрінде өтті.

«Салауатты өмір салты»  22.04.2015

Плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының куратор-эдвайзерлерінің «Салауатты өмір салты» жобасы аясында ұйымдастырған іс шараның есебі.

ПФжКФ кафедрасының куратор-эдвайзерлері Молдабеков Ж.М., Толемис М., Шыныкулова Г.Н., Игенбаева А.С., Сызганбаева С.А., Момынов С.Б., Оразбаев С.А., Бастыкова Н.Х., Нургалиева Р.Т., Ташев Б.А., Пшиков М.И., Абденова Ф.Л. кафедраның 5В071800 – Электроэнергетика, «5В060400 – Физика» 1-4 курс студенттері арасында «Салауатты өмір салты» жобасы аясында мини футболдан жарыс өткізілді. Аталған шарада бас жүлдені 5В071800 – Электроэнергетика мамандығының 2 курс 223 топ студенттері жеңіп алды. Іс шараға ПФжКФ кафедрасының меңгерушісі Архипов Ю.В. қатысты.

"Ана тілім - тірегім" 25.09.2014

Мерекелік кештің мақсаты: Қазақ тілінің қазіргі жастар арасында қолдануын насихаттау болып табылады. Мерекелік кеш командалық жарыс түрінде өтті. Студенттер үш топқа бөлініп 4 тур бойынша өздерінің өнерлері мен білімдерін ортаға салды. Іс-шара соңында жеңіске жеткен командаларға мадақтау қағазы тапсырылды.

"Ұстаздар - Ұлы тұлға" 02.10.2014 Кештің негізгі мақсаты физика-техникалық факультетінде қызмет етіп жүрген ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру болып табылады. Мерекелік кеш концерт түрінде өтті. Кеште мерекелік әндер шырқалып, ойындар ойнатылды.
"Айналаңды нұрландыр" 02.10.2014 Айналаңды нұрландыр жобасы бойынша физика-техникалық факультетінде жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде бәліштер, тоқаштар, ыстық самса және тәтті сусындар сатылды. Сатылымнан түскен қаржылар SOS әлеуметтік балалар үйінде тәрбиеленуші балаларға қажетті құралдарын сатып алуға жұмсалды.