Кафедраның тарихы

        Молекулалық биология және генетика кафедрасы сегіз лабораториядан құралған: "Мутагенез" оқу-зерттеу лабораториясы, жалпы генетика және селекция лабораториясы, хромосомды инженерия лабораториясы, академик Н.Л. Удольская атындағы оқу жөніндегі лаборатория, генетика практикумына, дрозофила линиялар генофондына, адам генетикасына арналған лабораториялар және биохимия мен биотехнология лабораториясы.

          Кафедра қалыптасқаннан бастап 700-тан астам мамандар шығарылды. Кафедрада аспирантураны 70-тей адам сәтті бітіріп шықты. Кафедраның 100-нан астам бітірушілерінің, аспиранттарының, докторанттарының биология ғылымдарының кандидаттары мен докторанттары ғылыми дәрежелері бар, ал 2008 жылдан бастап - Ph.D ғылыми дәрежесін ала бастады. Көптеген бітірушілер көрнекті ғалымдар және тәжірибелі селекциялық станциялар мен ҒЗИ бөлімшелерінің жетекшілерімен директорлары, ғылым ұйымдастырушылары болып табылады, сонымен қатар ЖОО оқытушылары. Біздің бітірушілер шетел мамандарының арасында өздерінің еңбектерімен жоғарғы беделге ие болды (Ұлыбританияда, Египетте, Израилде, АҚШ, Францияда, Германия және т.б. мемлекеттерде).