Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

 

Іс-шара атауы
Өткізілген уақыты
Іс-шара сипаттамасы
«Жастар арасындағы превентология»
13-17 ақпан 2018 жыл

2018 жылдың 13-17 ақпан аралығында Ресей тұңғыш президенті Б.И. Ельцин атындағы Орал федералды университетімен «Жастар арасындағы превентология» қос дипломды магистрлік бағдарламаның жетекшісі Крутько И.С.-мен 2 курс магистранттары тәжірибеден өту үшін Қазақ ұлттық университетіне келді. Тәжірибе бағдарламасы бойынша «педагогика және білім беру менеджменті» мен «әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедраларының ұйымдастыруымен магистранттар Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымы, Назарбаев интеллектуалды мектебі, Наркологиялық орталық пен Аналар үйінің қызмет бағдарымен танысты. Ресей тұңғыш президенті Б.И. Ельцин атындағы Орал федералды университетімен «Жастар арасындағы превентология» қос дипломды магистрлік бағдарламаның жетекшісі Крутько И.С. «Психокоррекция негіздері» тақырыбында дәріс оқыды.

Республикалық зағиптар және нашар көретіндер ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлерімен кездесу 25 ақпан 2017 жыл

 

Бүгін, яғни, 25.02.2017 жылғы сағат 8.00-10.00 аралығында әл-Фараби атындағы ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті Айтбаева Айгүлім ханымның, оқытушы Каденов Ерболаттың ұйымдастыруымен және "Педагогика және психология", "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандықтарының 2-3 курс студенттерінің қатысуымен арнайы педагогика курсының бір бөлімі тифлопедагогика, яғни, зағип және нашар көретін балаларды оқыту және тәрбиелеу мүмкіндіктері мен әдістемелеріне арналған ғылыми-практикалық тренинг сабағы өткізілді. Тренингке Республикалық зағиптар және нашар көретіндер ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері мен ғылыми қызметкерлері - Алмас Мырзабеков, Жансая Медиярова және Торғын Мұхановалар қатысты.  

Студенттер аудиториядағы алған теориялық білімдеріне практикалық тұрғыдан - "көзбен көріп, қолмен ұстап" - мол тәжірибе жинақтады. Тренинг сабағында студенттерге осы бағыттағы мүмкіншіліктері шектеулі адамдарды оқытуда қолданылатын түрлі әдістемелік құралдар мен қарапайым техникалық жабдықтар, Луи Брайль жүйесі бойынша жасақталған оқу құралдары мен оқулықтар кеңінен таныстырылды. Тренерлер іс-шара соңында тренингтің екіжақты пайдалы болғанын, үлкен студенттер аудиториясында өз білімдерімен бөлісе алғандықтары үшін ризашылықтарын білдірді. Студенттер де өз кезегінде өте қызықты тәжірибелік сабақтары үшін әдіскер аға буын әріптестеріне алғыстарын айтты.

 

«Мамандығым мақтанышым»
3 наурыз 2017 жыл

2017 жылдың 3 наурызында «Айналаңды нұрландыр» инновациялық жобасы аясында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор м.а. Булатбаева А. А. Және педагогика және психология мамандығының 4 курс студенті Атахан А.Т. ұйымдастыруымен № 159 мектепте «Мамандығым мақтанышым» атты тақырыпта тәрбиелік іс-шара өткізілді.

 

Оқушылар тәрбиелік іс-шараға белсенді қатысып, жаңа ақпараттар алып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.