Кафедраның тарихы

Шығыстану факультеті1989 жылыфилология факультетінен Шығыс филологиясы кафедрасы болып жєне тарих факультеті құрамынан Азия және Африка елдері тарихы кафедрасы болып бөлініп шықты. Факультетте негізінен екі бағыт бойынша мамандар даярланды. Атап айтқанда, шығыстанушы-филолог, шығыстанушы-тарихшы.

1989 жылы Қытай тілін оқыту үшін конкурс жарияланып, бұл орынға Ташкент университетінің Шығыстану факультетінің түлегі Нурсаидов Мәди қабылданды. 1990ж. Ташкент университетінің Шығыстану факультетінің түлегі Юань Лигуан қытай тілінен дәріс берді.

Бірінші оқу жылында шығыстанушы-филолог, шығыстанушы-тарихшы мамандығы бойынша 20 студент қабылданды.

1991 жылыШығыс филологиясы кафедрасы екі жеке кафедраға бөлінді: араб филологиясы кафедрасы жєне шығыс филологиясы кафедрасы. Кейін Шығыс филологиясы кафедрасы қайта құрылып, оның құрамына түрік-иран филологиясы және қытай филологиясы кафедралары бөлініп шықты.Қытай филологиясыдеген атпен1991 жылықұрылды. ҚР Ғылым Академиясының Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. К.Ш.Хафизова 1991-1995 жылдар аралағында кафедраның меңгерушісі болып қызмет істеді.

1991-1996 жылдары арасында кафедрамызда ҚХР-дан арнайы шақыртылған Чжао Цзяньсин, Чан Вяньчан сияқты мұғалімдер дәріс берді. Сонымен қатар, қытай тілі мұғалімдерінің жетіспеуіне байланысты, ҚХР келген оралмандар Ә.Аманжолова, Г.Батюшева, Д.Мәсімхан, Р.Айыпұлы, Е.Әкімханұлы, А.Қайбарұлы, С.Сәдуақас қытай тілі мен әдебиетінен сабақ берді.

1992 ж. Қытай филологиясы кафедрасының ішінен жапон тілі мен әдебиетін оқытатын бөлімі ашылды.

1993 жылы тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударған жазушы, аудармашы Ж.Сәмитұлы 1994ж. кафедрамызға доценттік орынға жұмысқа қабылданды.

1995-1998 жж. кафедраға т.ғ.к. доцент А.Т.Тохметов жетекшілік етті.

1994 жылдан бастап кафедра құрамына өзімізден оқып тәлім алған, үлгілі студенттер атанып диплом алғандардың есебінен толықтырылып отырды. Мысалы: Ф.Даулетова, А.Ромашева, А.Кенжебаева, С.Кажикенова, Г.Оразбекова, П.Бектурғанова, А.Тургенбай, А.Арзықұлов, Е.Керимбаев, У.Жетібаев, А.Жетписова, А.Койбакова, Є.Анипиналар кафедрада қалдырылып, жемісті еңбек етіп жатыр.

1998ж. қыркүйекте Азия жєне Африка елдері кафедрасының таратылуына байланысты, қытай тарихын оқытатын мамандар қытай филологиясы кафедрасына қосылып, аталған кафедраҚиыр Шығыс елдері кафедрасыболып қайта құрылып, оған т.ғ.к., доцент Н.А.Алдабек меңгеруші болып тағайындалды. Қиыр шығыс елдері кафедрасы 2003 жылы екіге бөлініп қытайтану кафедрасын т.ғ.д., проф. Н.Ә.Алдабек меңгерді. 2005-2007 жылдар аралығында кафедраны т.ғ.к. Ахметбек Г. басқарды. 2007-2014 жылдар аралығында  кафедраны т.ғ.к., доцент З.С.Батпенова меңгереді.  2014-2017 жылдар аралығында кафедраны т.ғ.д., профессор Н. Мұқаметқанұлы, 2017-2018 жылдар PhD, доцент Дауен Д.Б. 2018 жылдан бері кафедраның меңгерушісі PhD, доцент Оразақынқызы Фарида болып табылады.

Бүгінде қытайтану кафедрасы ҚХР-дың бірқатар жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Пекин университеті, Пекин тілдер университеті, Пекин Орталық Ұлттар университеті, Хуадунь педагогикалық университеті, Фудань университеті, Ланьчжоу университеті,  Сиань мұнай университеті, Шыңжаң Педагогикалық университеті, Нанчан университеттерімен байланыс жасайды.

Конфуций инситутының негізінде кафедра Қытайдың мемлекеттік канцеляриясымен («Ханьбань») тығыз байланыс орнатып отыр. «Ханьбань» кафедраны қытай тілі бойынша оқулықтармен, оқу құралдарымен, ғылыми–танымдық материалдармен қамтамасыз етіп, жыл сайын кафедраға қытай тілінің мамандарын жіберуде. Сонымен қатар, кафедраның оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары Қытайдың жоғарғы оқу орындарында ғылыми және тілдік тағылымдамалардан өтуде. Бүгінгі таңда кафедраның оқытушылары Н.Абдраев пен Г.Ахметбек Шыңжаң университетінде, Н.Абдурақын Ухань университетінде білім алып, PhD докторы ғылыми атағын қорғап келді.

Қазіргі кезде кафедрада жалпы саны  20 адамды құрайтын профессорлар, доцентттер, PhD докторлары, кандидаттар мен аға оқытушылар қызмет атқаруда. Кафедрада «шығыстану», «шетел филологиясы», «аударма ісі»  мамандықтары бойынша бакалавриаттың 130 астам студенті, 11 магистрант пен 8 PhD докторант білім алуда.  2016 жылдан бастап кафедра «аймақтану» мамандығы бойынша студенттер қабылдауды бастады.  Оқу үрдісінің материалды-техникалық базасын компьютер сыныптары, лингафон кабинеті, аудио- және видеотехникасы (проекторлар, магнитофондар) құрайды.

Кафедрада оқу үрдісімен қатар түрлі тақырыптарда ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізілуде. Мемлекеттік қаржыландыру негізінде т.ғ.д., профессор Н.А.Алдабек және т.ғ.д., профессор Н.Мұқаметханұлы жетекшілігімен Қытайға қатысты өзекті ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Сонымен қатар кафедраның оқытушылары т.ғ.к., доцент Г.Ахметбек пен ф.ғ.к., доцент Ф.Н.Дәулет қытайлық мамандармен бірлесіп оқулықтар жазуда және зерттеулер жүргізуде.

Кафедра құрылғаннан бері кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы ондаған оқулықтарды, хрестоматиялар, монографиялар, сөздіктер мен жүздеген ғылыми мақалаларды баспадан шығырды. Кафедра оқытушылары сонымен қатар жыл сайын өтетін республикалық және халықаралық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференциялардың тұрақты қатысушылары болып табылады.  

Кафедрада студенттерге арналған «Жібек жолы» үйірмесі жұмыс істейді. Аталмыш үйірме студенттерді ғылымға баулып қана қоймай, қоғамдық өмірге да тартып, түрлі қызықты шараларды ұйымдастырып өткізуде.  

Қытайтану кафедрасын бітірушілер қазіргі таңда еліміздің түрлі оқу орындарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сыртқы істер министрлігінде, түрлі мемлекеттік қызметтерде, шетелдік компанияларда табысты қызметтер атқаруда.