Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

 

 

 

Кафедраның үздік студенттері

  • 2009 жылы ҚР БҒМ студенттер арасында өтетін Республикалық үздік ғылыми жұмыстарының байқаудында химия саласы бойынша 1-курс магистры Тілеуберді Ербол 3-орын иегері болды. Ғылыми жетекшісі х.ғ.к., доцент Оңғарбаев Е.Қ.
  • 2014 жылы (23 қазан) Д.И.Менделеевтің180-жылдығына арналған жас ғалымдар конкурысындаәл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Химия және химиялық технология факультетінің «Химиялық физика және материалтану» кафедрасының «Наноматериалдармен нанотехнология» мамандығының 1-курс докторанты МөлдірӘуелханқызы бірінші орындыұтып алды. Ғылыми жетекшісі х.ғ.д., профессор Мансұров З.А.
2015 ж.: PhD докторант Садыков Бахтияр "Үздік постерлік баяндама" номинациясында"SHS-heat insulators based on the modified technogenic raw materials" тақырыбы бойынша1-ші жүлде алды.
 2017 жылдың 8 қыркүйегінде «Шелл Қазақстан» компаниясы мен KAZENERGY ассоциациясы XI Еуразиялық KAZENERGY форумының аясында өткен IX жастар форумында STUDENT ENERGY CHALLENGE байқауының жеңімпазын атады. Байқауды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химиялық физика және материалтану кафедрасының студенттері Б.Қайдар, Д.Аргимбаев, З.Курбанова, Н.Терюкаловадан құралған «Synergy» командасы жеңіп алды, команда жетекшісі – Г.Т.Смагулова. Команда «Көміртектенген күріш қауызынан жасалған нанокөміртекті сіңіргіш қабаты бар тиімділігі жоғары күн коллекторлары» жобасын ұсынып, «Шелл Қазақстан» компаниясынан 10000 евро сыйлық алды. 
  Кафедраның үздік оқытушы-профессорлары

х.ғ.д., профессор З.А. Мансұров:

  • 1992 ж.: ҚР ғылым, техника және білім беру саласы бойынша мемлекеттік сыйлығының лауреаты
  • 2002 ж.: Қ.И.Сәтпаев атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • 2007 ж.: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің алтын медалымен марапатталды.
  • 2007 ж.: "Парасат" орденімен марапатталды.
  • 2013 ж.: ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының А.Байтұрсынов атындағыалтын медалымен марапатталды
  • 2014 ж.: Әл-Фараби атындағыҚазақ Ұлттық университетінің«80 жылдық»мерейтойлық медалыменмарапатталды.
  • 2016 ж.: "Құрмет" орденімен марапатталды.

х.ғ.д.,профессор С.Х. Ақназаров

  • 2007 ж.:ҚР БҒМ-нің «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2007»төс белгісімен марапатталған және грант иегері атанған.
  • 2013 ж.: «Қазақстан Даңқ» орденімен марапатталды

 

х.ғ.д.,профессорЕ.Қ.Оңғарбаев:

  • 2002ж.:«Ғылым»санаты бойынша республикалық «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты,
  • 2013 ж.:Еуропа ғылыми-өнеркәсіптік палатасының дипломы және төсбелгісімен марапатталды.
  • 2014 ж.:«Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгісімен марапатталды.

 

х.ғ.к.,доцент Г.О. Төрешова:

  • 2015ж.:«27» тамыз №292 ректордың бұйрығымен университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне 80 жыл» мерекелік медалымен марапатталды.


PhDДоктор Досжанов Е.О.

  • 2009 ж.:«Жылдың үздік жас ғалымы» санаты бойыншаРеспубликалық «Жастар» сыйлығының иегері.
  • 2013 ж.: Қазақстан Республикасының талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері.
  • 2014 ж.:«Табиғат экологиясы» санаты бойынша халықаралық «Еуразия үздік жас ғалымы»конкурсыныңжеңімпазы
  • 2017 ж.: Қазақстан Республикасының талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері.
   

х.ғ.д., профессор Р.Г. Абдулкәрімова

  • 2018 ж.: ҚР БҒМ-нің «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2018» төс белгісімен марапатталған және грант иегері атанған.
 

Қазақстандық танымал химик, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, З.Мансуровқа ЮНЕСКО-ның «Наноғылым мен нанотехнологияның дамуына қосқан үлесі үшін» медалы табыс етілді. Марапаттау 2018 жылдың 22 қарашасы,  ұйымының Париждегі штаб пәтерінде өтті.

          2010 жылы ЮНЕСКО бас директоры негізін қалаған бұл медаль, жыл сайын сала бойынша және әлемдік ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар мен ұйымдарға табыс етіледі. Қазақстандық ғалым бұл мадалға «көміртеткі материалдар өнідіріс технологиясын жасауға қосқан үлесі үшін және көміртеткі нанотүтікшелерді, графенді жалдында синтездегені үшін» ие болды.

          Марапаттаудан кейін З.Мансуров өз сөзінде , ЮНЕСКО-ның еңбегін бағалағанына алғыс білдіре отырып, «Қазақстан ғылымның жетістігі көп жағдайларға тәуелді, қазіргі күні біздің ғалымдар, әсіресе жастардың әлемдік ғылыми орталықтармен жұмыс жасауына барлық мүмкіндіктер бар», бұл жағдайда, елбасы реформаларының маңызы зор деп атап көрсетті.

          Марапаттауға қатысқан, Қазақстанның ЮНЕСКОдағы тұрақты өкілі, Жан Ғалиев отандасын құттықтай отырып, бұл еңбегіңіздің және наноғылым мен нанотехнология дамуына қосқан үлесіңіздің Қазақстандық және халықаралық ғылыми ұйымдар жағынан мойындалуы деп атап өтті.

Осы жылы сонымен қатар бұл медалмен Россия, Франция, Австралия, Финляндия, Австрия, Греция, Египет, США қатарлы елдердің 9 өкілі марапатталды.

Бұл медалмен бұрын марапатталғандардың ішінде физика саласы бойынша Нобел сыйлығының лауреаты Исаму Акасаки және Жорес Алфёров, Қытай ғылым академиясының Чунь ли Бай бар.