Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

 

    "Политолог" пікірталас клубы "Жүз кітап" жобасы аясында іс-шара өткізді»

1 желтоқсанда "Политолог" пікірталас клубы "Жүз кітап"жобасы аясында іс-шара ұйымдастырды. Ол "Pascucci"қалалық кофеханасында достық жағдайда өтті. Сонымен қатар, қатысушылар сүйікті кітаптарының презентацияларын ұсынды.

Сонымен, магистрант Жунусова Әйгерім У. Голдингтің "Повелитель мух" романы туралы айтып, саясаттану кафедрасының түлегі Сырым Итқұлов М. Фуконың "История безумия в классическу" атты кітабын таныстырды, ал бірінші курс студенті Дилярам Хамитова Д. Остин "Гордость и предубеждение" атты кітабын таныстырды. Кездесуге сондай-ақ посетил гость студент Қазақ-неміс Университеті ұсынған "от алауында шыныққан шымыр болат" Островский.

Іс-шараға келген кафедра бакалаврлары, магистранттары мен докторанттары үшін екі сағат бойы кітаптарды жайлы және мейірімді атмосферада талқылағаны байқалмайды. "Политолог" клубы алдағы уақытта да қызықты тақырыптық іс-шаралар өткізуге дайын, ұсыныстар үшін ашық және барлығын болашақ отырыстарға шақырады!                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттері Алтынбек Рахметов, Молдашев Ернұр және Әрмен Берік сәуір айында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің саясаттану факультетінде  оқу форматында ғылыми тағылымдамадан өтті.

 
Шет елдік студенттерді қабылдаушы факультет сабаққа дайындалу форматын  студенттермен бірге лекциялар, семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізуді қамтиды. Сонымен қатар, магистранттар Мәскеу университетінің барлық білім беру инфрақұрылымына, соның ішінде факультетаралық курстарға және Ғылыми кітапханаға баруға қол жеткізді.

Бұл тағылымдама Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ арасындағы академиялық алмасу тиісті ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылғаннан кейін мүмкін болды.

 

 

 

 

15 қараша сәрсенбі күні 15-00-де Елбасы - Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті кітапханасы «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты жылжымалы ғылыми-ағартушылық, мәдени көрмелік жобасы аясында «ПОЛИТОЛОГ» студенттік дискуссиялық клубында, Елбасы - Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті кітапханасының директорының орынбасары Тимур Шамергеновпен, сонымен қатар, саяси ғылымдар кандидаты «Назарбаев моделі» кітабының авторларының бірі, халықаралық жобалар қызметінің жетекшісі Мариан Абишевамен, және кітапхананың стратегиялық зерттеулер қызметінің жетекішісі Михаил Мироненкомен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу өте жақсы деңгейде өтті, студенттер қызықты сұрақтар қойып, маңызды ақпараттарды білді.

 

 

 

 

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттері, Ауғаныстан Республикасның азаматтары, мемлекетаралық келісімге сәйкес "5В050200-Саясаттану" бөліміне қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының 2 студентіі Қоспанов Расул XIX Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде Қазақстан делегациясының құрамында қатысты. (Сочи қ. Ресей)

 

 

Ерлан Карин мырза Саясаттану бойынша студенттер арасында өткен республикалық конкурс жеңімпаздарын марапаттады. Республика бойынша барша саясаттанушы студенттер жыл сайынғы өткізілетін жас ғалымдар арасындағы ғылыми жұмыстар байқауына қатысып, 1 ай көлемінде байқауға қатысушылар жұмыстары қаралды. Нәтижесінде зияткерлік байқаудың жеңімпаздары үшін арнайы танымал ғалымдардың: Т.Т. Мустафин, С.Е. Жусупов, М.С. Машанов және Н.Э. Масанов атындағы шәкіртақылар тағайындалды. Жеңімпаздар: Муканова Асия, Шайхығали Ерлан, Жунусова Айгерим және Л.Гумилев атындағы  ЕҰУ студенті.

 

 

 

 

 

АҚШ генералды консулы Марк Муди және АҚШ елшілігіндегі "Саясат"  бөлімінің басшысы Фриман Жу, сондай-ақ АҚШ консулдығының "Саясат және экономика" бөлімінің қызметкері Тимоти Оконнер, ҚазҰУ бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, философия және саясаттану факультеті деканы Алия Масалимова, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында қонақта болды. Белгілі саясаттанушы Досым Сатпаевтың ұйымдастыруымен өткен кездесуде АҚШ елшілігі Т.Мұстафин атындағы кітапханаға 150 астам кітаптарды сыйға тартты. Кездесу барысында  саясаттанушы студенттер сұрақтар қойып, өздерін қызықтыратын тақырыптарды қозғады.


Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы, кафедра түлектері: ҚР Президенті баспасөз қызметінің меңгерушісі Қанат Искаков және Алматы қ. әкімшілігінің қызметкері Жанель Рамазановамен кездесі өткізді. Кездесі барысында Қанат Искаков баспасөз қызметі жайында, саяси консалтинг турасында әңгіме дүкен құрды. Әдеттегідей студенттердің және оқытушылық құрамның қояр сұрағы көп болды. Студенттер бұл кездесуден ерекше әсер алып, баспасөз қызметінің жұмысына тәнті болды. 

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттері және оқытушылық құрамы белгілі саясаттанушы, сарапшы, атақты зерттеуші Сұлтан Акимбековпен кездесі өткізді. Сонымен қатар, Сұлтан Марупович, Т.Мұстафин атындағы саясаттану кітапханасына өз кітаптарын сыйға тартты. Кездесу барысында студенттер түрлі сұрақтар қойып, өздеріне қажетті ақпарат ала білді. Сұлтан Акимбеков өз кезегінде өзінің тәжірибесімен бөлісіп, өскелең ұрпаққа ақылын айтты. 
Бүгін саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында, "ПОЛИТОЛОГ" студенттік клубының қолдауымен белгілі саясаттанушы, президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры, кафедра доценті Ерлан Каринмен  "Діни экстремизм мен радикализм қауіп қатерлері" тақырыбында лекция өтті.

 

 

 

 

Бүгін "Тілеміс Мұстафин" атындағы саясататну және саяси технологиялар кафедрасының кітапханасында, белгілі саясаттанушы Досым Сатпаев және шығыстан келген қонақ Нацуко Ока студенттермен кездесуде болды. Нацуко Ока өзінің "Другая Япония Жизнь без чайной церемонии"  атты кітабымен таныстырды. Күн Шығыс елінің боямасыз бүгігіні туралы әңгіме қозғап, Жапония туралы қалыптасқан көптеген стереотиптерді жойды. кездесу өте қызықты өтті. Кітапхана тағы бір қызықты әрі пайдалы кітаппен толықты.

 “Көзқарас” жобасының аясында Философия және саясаттану факультетінің, "Политолог" клубының қолдауымен “Тәуелсіздікке 25 жыл: тыңғылықты нәтижелер” тақырыбында бас қосу өтті.

Спикер ретінде танымал қоғам қайраткерлері Айдос Сарым, Расул Жұмалы,  Бақытжан Бұқарбай, Философия және саясаттану факультетінің деканы Алия Масалимова және Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Гульнар Насимова сөз сөйлеп, салиқалы да қызықты ойлар қозғады. 

Қазақстанның егемендікке ие болғаннан бергі мемлекет тарапынан жасалынған әрекеттер және олардың нәтижелері, соңғы екі он жылдықта атқарылған еңбектің қорытындысы және тың жобалар, жаңа бағыттар, нақты мақсаттар. Осының бәрі бас қосуда қызу талқыланып, іс-шара ортақ ой – елдігімізді одан әрі сақтап, жаңа биіктерді бағындыру идеясымен аяқталды.

06.06.15 ж. Шәкіртақылар тағайындау рәсімі

Саясаттану ғылымына үлес қосқан белгілі тұлғалар атындағы шәкіртақылар тағайындаудың игі дәстүрі саясаттану кафедрасында қалыптасып келеді. Осыған орай 2015 жылдың 6 маусымында саясаттану кафедрасында, белгілі тұлғалар Тілеміс Мұстафин, Нұрболат Масанов, Сәбит Жусупов, Мейіржан Машан атындағы шәкіртақылар берілді. 

Осындай жақсы іс-шараға мұрындық болған белгілі саясаттанушы Е.Т. Карин мырзағауниверситеттің дамуына айрықша үлес қосқаны үшінуниверситет ректоры Ғ. Мұтанов атынан «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл» мерейтойлық медалі табыс етілді.

Шәкіртақы иегерлері, студенттер мен магистранттардың орындаған ғылыми жұмыстары негізінде өткізілген байқау нәтижелері арқылы анықталды. Шәкіртақы тағайындауға ниет білдірген Қазақстан Республикасы президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Ерлан Карин болып табылады.

Зияткерлік байқаудың мақсаты студенттер арасындағы ғылыми ізденісті, сараптамалық зерттеуге деген қызығушылықты арттыру болып табылады. Ғылыми жұмыстар мына тақырыптар бойынша жазылған болатын: «Қазақстандағы саяси модернизация», «Қазіргі заманда Қазақстандағы саяси ғылымның дамуы», «Қазақстандағы саяси жүйенің трасформациясы», «Орталық Азия қауіпсіздігі: қауіп-қатерлер мен шешім жолдары».

Осының нәтижесінде шәкіртақы иегерлері анықталды. Тілеміс Мұстафин атындағы шәкіртақы иегері Иманбай Жандос, Нұрболат Масанов атындағы шәкіртақы иегері Тұрсынқұлов Дәурен, Сәбит Жусупов атындағы шәкіртақы иегері Нышанбаев Нұрболат және де Мейіржан Машан атындағы шәкіртақы иегері Абдрашитова Айгерім.

Шәкіртақы тағайындау рәсімі тату және жылы атмосферада өтті. Іс-шараның ерекшелігі, шәкіртақыларды студенттерге ғалымдардың туған-туыстары тапсырды. Шәкіртақы иегерлері өздерінің жылы лебіздерін, алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар университет ректоры Ғ. Мұтанов университеттің дамуына айрықша үлес қосқаны үшін Е.Т. Карин мырзаға «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл» мерейтойлық медалі табыс етілді.