Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

 

Іс-шара аты
 Іс-шараның өткен күні мен уақыты Іс-шараның фотолары мен сипаттамалары
"Айналаңды нұрландыр" 07.12.2017

2017 жылдың 7-ші желтоқсанында сағат 12.00де химия және химиялық технология факультетінің 415 аудиториясында жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценттері Ашкеева Р.К., Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г. 4 курс студенттерімен университеттік "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған БЗХТ мамандығы бойынша білім алатын 4 курс студенттерімен «Тәуелсіз елім» атты ісшара өткізілді.

«Айналаңды нұрландыр» 26.10.2017

2017 жылдың 26-шы қазанында сағат 16.00де химия және химиялық технология факультетінің 229 аудиториясында жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценттері Ашкеева Р.К., Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г. 1 курс студенттерімен университеттік "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында «Жастар тәрбиесі – ұлт болашағы» атты ісшара өткізілді.

"Денсаулық және сымбатты дене " 06.12.2017 ж.

2017 жылдың 6 желтоқсанында жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында «Салауатты өмір салты» жобасы аясында “5В072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы” мамандығының 4 курс студенттері үшін «ЖИТС туралы бар шындық» тақырыбында іс-шара өтті. Студенттерге XXI ғасырдың ең қауіпті індеті жайындағы қате пікірлер, оны емдеу және қорғану жолдары жайында талқылаулар жүргізу ұсынылды.

Жауаптылар - Матвеева И.В. және Пономаренко О.И.

«Айналандыр нурландыр» 10 аперля 2015

2015 ж. сәуір айының 10 күні студенттерді, ПОҚ және қызметкерлерді «Айналаңды нұрландыр» қозғалысына тарту мақсатында жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценттері Ашкеева Р.К., Тугелбаева Л.М. және Рыскалиева Р.Г. «Наурыз-мейрамы» атты мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды. Шара барысында қатысушылардың барлығы наурыз көже мен бауырсақтан ауыз тиіп, әр түрлі мемлекеттердегі Наурыз мейрамының тарихы, ерекшеліктері және дәстүрлері жайлы мәліметтерді презентация түрінде тамашлай алды.

«КазНУ Гринкампус» 10 аперля 2015

2015 ж. сәуір айының 10 жұлдызында студенттерді, ПОҚ және қызметкерлерді «ҚазҰУ-Green Campus» қозғалысына еліктіру мақсатымен жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценттері Ашкеева Р.К., Тугелбаева Л.М. және Рыскалиева Р.Г. ұйымдастыруымен химия және химиялық технология факультетінің аймығын көгалдандыру акциясы өтті. Ақкекіре, нәркес және қалампыр гүлдерінің әрқайсысының 10 түбі отырғызылды. Аталмыш акцияға кафедра студенттері, қызметкерлері және оқытушылары белсенді ат салысты. 

 

«100 кітап» 13.02.2015

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «100 кітап» бағдарламасы аясында 2015 жылдың 13 ақпанында, сағат 15.00 Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульета» трагедиясы мотиві бойынша «XXI ғасырдағы махаббат» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара «Химия» және «БЗХТ» топтарының арасында жарыс түрінде ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Химия» және «БЗХТ» мамандықтарының 4 курс және «Химия» мамандыңының 2 курс студенттері қатысты. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

Жауаптылар: эдвайзер Пономаренко О.И., Матвеева И.В.

«Айналаңды нұрландыр» 21 ноября 2014

19 қараша күні Химия және химиялық технология факультетінде жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының ұйымдастыруымен Университетіміздің «Сау және сұлу дене көркі» жобасы аясында «Ұстаздан шәкірт озар жарысқанда» атты кеш өткізілді. Кеште «5В060600-Химия», «5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» және «5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарының 1-курс студенттерінен және куратор-эдвайзерлерден үш команда құрылып, командалар арасында интеллектуалды сайыс өткізілді. Ұйымдастырушылар: Ниязбаева А.И., Пономаренко О.И.