Оқу әдістемелік бірлестік РӘОК

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігі

РОӘК ОӘБ ғалым хатшысы:

филос.ғ.д., Сырғакбаева Ақмарал Сәлімжанқызы

ОӘБ қызметкерлері:

Бекдайырова Мира Еркінбекқызы – жоғары дәрежелі әдіскер

Телғараева Лаура Бердіғұлқызы – жоғары дәрежелі әдіскер

Карканова Айгүл Жолдыбайқызы – жоғары дәрежелі әдіскер

Телефон:+7 (727) 377-33-14, внутр. 1152

Факс:+7 (727) 377-33-14

e-mail:umskaznu@mail.ru 

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігі

Жоғары оқу мекемелеріндегі Оқу-әдістемелік бірлестігі (ОӘБ)  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында құрылған. ЖОО-дағы білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу ұйымдарының қызметін үйлестіріп, академиялық қауымдастық пен жұмыс берушілердің бірлесе отырып бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын құруда атсалысатын бірден-бір қоғамдық-кәсіби ұйым болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ОӘБ 1992 жылы 10 қыркүйекте ҚР Білім және ғылым министрлігінің №370 бұйрығымен құрылған.

ОӘБ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша 118 мамандықты басқарады, олар төменгі мамандық топтары мен дайындық бағыттарына біріктіріледі:

  • «Жаратылыстану ғылымдары»
  • «Гуманиатрлық ғылымдар»
  • «Әлеуметтік, экономика және бизнес ғылымдары»
  • «Техникалық және технология ғылымдары»
  • «Өнер»

ОӘБ қызметінің негізгі бағыттары

 
ОӘБ алға қойған міндеттерді шешу үшін:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің типтік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларының жобасын жасауға қатысады. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандар дайындау бойынша жоғары оқу ұйымдарын нормативті-әдістемелік құжаттамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің таңбасын оқулықтар мен оқу құралдарына беру үшін тақырыптық жоспар құруға қатысады.4. РОӘК ОӘБ таңбасымен баспаға әзірленген оқулықтар мен оқу құралдарының қолжазбасын сараптамадан өткізуді ұйымдастырады. РОӘК ОӘБ таңбасын беру оқу-әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен мамандықтар тобына сәйкес және дайындау бағыттары бойынша оқу басылымдарын сараптамадан өткізу арқылы жүзеге асады.
5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша Ұлттық тестілеудің бірыңғай пәндерінің пішінін анықтауға және студенттердің білім жетістіктерін сырттай бағалауға атсалысады.
6. Жоғары оқу орындарындағы кадрлық, әдістемелік және материалдық-техникалық оқу үдерісін қамтамасыз етуді ұйымдастырып, оқу жүйесін жетілдіруде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігіне ұсыныстар енгізеді. 7. Жоғары білім беру мәселелері бойынша  конференциялар, семинарлар мен кеңестер ұйымдастыру жұмыстарына қатысады.ОӘБ қызметтерін ұйымдастыру және басқару 
ОӘБ өз қызметін ОӘБ құрамындағы барлық мүшелерінің тең құқықтық ұстанымдары, алқалық басшылықтың қабылдаған шешімдері негізінде құрады.Оқу-әдістемелік бірлестігінің қызметін ОӘБ Кеңесі, республиканың 24 жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер кіретін алқалы мекеме атқарады. 
ОӘБ Кеңесінің мәжілісі жылына 2 рет өткізіледі. 
РОӘК ОӘБ басшылық қызметін төраға – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов атқарады. Оның орынбасары болып оқу жұмысы жөніндегі проректор тағайындалады. Ағымдағы ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізу мен іс қағаздарды орындау жұмыстарын РОӘК ОӘБ ғалым хатшысы жүзеге асырады. Университеттік мамандықтар мен бағыттардың әртүрлілігіне байланысты ОӘБ-де құрылымдық бөлімшелер құрылды.Университеттік мамандықтар мен бағыттардың әртүрлілігіне байланысты ОӘБ-де бірқатар құрылымдық бөлімшелер құрылған. Бұл ұқсас мамандықтар тобы мен бағыттары бойынша 12 оқу-әдістемелік комиссиялары. Комиссия төрағалары (төрайымдары) болып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың факультет декандары тағайындалады.