Ғылыми кеңес

Шайкенова Ләззат Маратқызы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Ғылыми кеңесінің бас ғалым хатшысы
филология ғылымдарының докторы, доцент

Телефон: + 7 (727) 221-11-16, 377-33-08

Факс +7 (727) 377-33-44

e-mail: Lyazzat.Shaikenova@kaznu.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі кеңесу-мәжілістік орган болып табылады.
Университет Ғылыми кеңесінің қызметі жариялылық пен өз құзырындағы мәселелерді ұжымдық талқылау қағидаларына сүйенеді.

Университет Ғылыми кеңесі:
  • университет құрылымын бекітеді;
  • университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
  • университеттің даму стратегиясы мен тұжырымдамасын белгілейді;
  • университеттің құрылымдық бөлімшелерін (зертхана, кафедра, институт, факультет және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
  • университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржы, әкімшілік-шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
  • университет ректорының, проректорларының, факультет декандарының, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, халықаралық, ақпараттық, қаржы-шаруашылық, әкімшілік қызмет формалары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды;
  • университеттің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастырады;
  • бюджеттен тыс қаржыны қолдану тәртібін, сондай-ақ ақылы білім беру қызметін көрсету мен шығарылатын өнімді сату арқылы алынатын табыстарды қайта инвестициялау бағыттарын анықтайды;
  • жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын, оқыту мерзімдері мен формаларын анықтайды;
  • оқытудың барлық сатысы мен формаларының оқу жоспарларын бекітеді;
  • оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік әзірлемелерді шығаруды қарастырады және ұсыныс жасайды;
  • студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына және экстернат формасында білім алуға ауыстыру туралы шешімдер қабылдайды;
  • ҚР Президенті бекіткен шәкіртақылар мен атаулы шәкіртақыларды тағайындау туралы шешімдер қабылдайды;
  • доцент және профессор ғылыми атағын беруге ұсынады;
  • университет қызметкерлері мен шығармашылық ұжымын мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарастырады.
  • алқалық шешімді қажет ететін университет қызметінің басқа да мәселелерін қарастырады.  
Университет Ғылыми кеңесінің құрамы
Университет Ғылыми кеңесінің құрамына ректор, проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, оқытушы-профессорлар құрамының, университеттің студенттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіреді. Одан өзге мүшелері жалпы жиналыста жасырын түрде дауыс беру арқылы сайланады.
Университет Ғылыми кеңесінің құрамы 3 жылдық мерзімге сайланады және мүшелердің тақ санынан тұрады. Қажет жағдайда университет Ғылыми кеңесінің шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Әр дүйсенбі күні барлық ректорат мүшелерінің, ЕМК директорларының, кафедра меңгерушілерінің қатысуымен ректорат мәжілісі өткізіледі.

Ғылыми кеңес мәжілісі кварталына бір рет өткізіліп отырады.