Медицина және денсаулық сақтау факультеті

                                                                                                       Медицина факультетінің деканы
                                                                                           медицина ғылымдарының докторы, профессор
                                                                                                       Қалматаева Жанна Амантайқызы

Медицина және денсаулық сақтау факультеті деканы үндеуі:

 

Әл-Фараби атдындағы ҚазҰУ Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі «lifelonglearning» деп аталатын үздіксіз білім беруді ұсынады.

Білім беру жүйесінің осы стратегиясы бұдан 30 жыл бұрын туындаған.  ЮНЕСКО, ЭЫжДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары) және Еуропа Кеңесі сияқты жетекші халықаралық ұйымдар  осы бағыттарды дамытуға дайындығын білдірді.  Осы ұйым өкілдерінің пікірі бойынша, білім беру орта және жоғары білім беретін «институттар» бұдан бұрын белгілеген шеңбермен шектелмеуі тиіс. 

  Біздің факультет білім беру, ғылыми-әдіснамалық, сараптамалық-консалтингтік, консультативті-диагностикалық және халықаралық алаң болып табылады. 

 ҚДСЖМ  қызметінің негізгі қызметі – Қазақстанның да, Орталық Азияның да қоғамдық денсаулық сақтау саласына қажетті мамандарды дайындау, денсаулық сақтауды дамыту және реформалау.

  Факультет өз қызметінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Академиялық саясатын (2015), бакалавриат (МПД),  магистратура (МПД, қоғамдық денсаулық сақтау) бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын басшылыққа алады.