Кафедраның тарихы

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ-ҚДСЖМ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КАФЕДРАСЫ

Медицина факультеті-ҚДСЖМ денсаулық сақтау саясаты және оны ұйымдастыру кафедрасы 2016 жылдың маусым айында құрылды. Мақсаты – қоғамдық денсаулық сақтау бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, денсаулық сақтауды реформалау жағдайында менеджмент, маркетинг, экономика және фармация сұрақтары бойынша денсаулық сақтау органдары мен мекемелері жетекшілерінің біліктілігін арттыру. Кафедра, магистранттар үшін денсаулық сақтау саласындағы менеджмент бойынша арнайы курстарды оқытуды қамтамасыз етеді. Аталған пәндер, басқару, экономика мәселелеріне, сапа менеджменті және медициналық ұйымдардың жұмысын құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған.

Кафедра оқытушылары, халықаралық ұйымдармен, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігімен, республикамыздың облыстық және қалалық денсауклық сақтау басқармаларымен тығыз байланыста және денсаулық сақтауды басқару мен экономика саласында зерттеу және ғылыми-консультациялық қызметтерде көпжылдық тәжірибеге ие.

Кафедра меңгерушісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор Капанова Гульнара Жамбаевна. Кафедра қызметкерлері барлық бағытта белсенді жұмыс істейді: денсаулық сақтау менеджменті, қоғамдық денсауклық және денсаулық сақтау, денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасы, басқару психологиясы, қоғамдық денсакулық сақтау бойынша бағдарламаларды экономикалық талдау, ғылыми-зерттеу жобаларын басқару, стратегиялық жоспарлау және т.б. смалаларда білім беру, ғылыми-зерттеу, консалтингтік және сараптамалық қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, медицина ғылымдарының докторы, профессор Хайдарова Тогжан Сафаржановна, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Калмаханов Сундетгали Беркинулы, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Сарыбаева Гуля Куантаевна, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Байгонова Кайни Сагымбаевна, заң ғылымдарының кандидаты, доцент  Мауленова Бахыт Нусифовна.

2017 жылы кафедрада магистратура деңгейінде «Денсаулық сақтау саласындағы психология» және «Денсаулық сақтау саласындағы юриспруденция» сияқты жаңа бағыттар ашылды.

Индикативтік жоспар бойынша кафедралар рейтингінлде Біздің кафедра 2017 жылдың қорытындысы бойынша ҚазҰУ бірінші орынды иемденді.

Сонымен қатар кафедра, қысқаша, орташа және ұзақмерзімді бағдарламалар бойынша біліктілік арттыру курстарында мамандар даярлайды.

Кафедраның негізгі модульдері:

-Денсаулық сақтау жүйесіндегі саясат және басқару;

-Әкімшілік менеджмент

-Денсаулық сақтау экономикасы және қаржыландыру;

-Маркетинг және медициналық қызмет сапасын басқару;

-Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы психология;

-Әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі психология;

-Психиатриялық және наркологиялық көмек көрсету ұйымдарындағы психология;

-Денсаулық сақтау жүйесіндегі құқықтық реттелу;

-Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік-құқықтық басқару;

-Медициналық көмек сапасы мен қауіпсіздігінің құқықтық негіздері;

-Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг;

-Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару;

-Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру және басқару;

-Мейіргерлік істегі менеджмент;

-Денсаулық сақтаудағы заңнамалар;

-HR-менеджмент;

-Ұйымдастырушылық жосықтар;

-Денсаулық сақтау экономикасы;

-Денсаулық сақтаудағы қаржылық менеджмент;

-Денсаулық сақтаудағы сапаны басқару, аккредитттеу, ішкі аудит;

-Денсаулық сақтаудағы нарықтық өзара-қатынастар;

-Қоғамдық денсаулық сақтауға кіріспе;

-Денсаулықты нығайту технологиялары;

-Әлеуметтік-бағытталған алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту;

-Әлеуметтік жұмыстың негіздері;

-Балаларға және әйелдерге медициналық көмекті ұйымдастыру;

-Жасөспірімдер денсаулығы;

-Биоэтика мәселелері;

-Қоғамдық денсауклық сақтаудағы зерттеу жобалары;

-Денсаулық психологиясы және психодиагностика;

-Денсаулық пен аурулар социологиясы;

-Денсаулықққа әсер етуді бағалау;

-Мәдениет және денсаулық;

-Әлеуметтік ғылымдар және медицина;

-Денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары;

-Жарақаттанудың профилактикасы және қауіпсіздікті нығайту;

-Заманауи қоғамдағы денсаулық сақтау саясаты;

-Зерттеудің сандық әдістері;

-Қоғамдық денсаулық сақтаудағы зерттеулердің сапалық әдістері;

-Медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелері.

Қазіргі таңда, кафедрада 63 магистрант білім алуда.