Студенттерге

Құрметті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті!

Сіздерді, Орталық Азия мен Қазақстандағы ең үздік оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер қатарына қосылуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

ҚазҰУ-да жоғары білім ала отырып, Сіз кәсіби дағдыларды меңгерумен қатар тұрақты даму мен өсуге мүмкіндік пен үлкен өмірге жолдама аласыз. Бұл – Қазақстанның жоғары элитасын құрайтын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерінің негізгі жетістік формуласы!

Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт пен көтеріңкі көңіл-күй, мақсат-мұраттарыңыздың орындалуы мен оқуда толағай табыстар тілеймін!

Тәуелсіз Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болыңыздар!

Құрметпен, ректор, академик Ғ.М. Мұтанов