Мұражайлар

Мұ­­ражай- еліміздің ең ірі білім ордасының бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші. Музейдің басты қызметтері: имидждік, ғылыми-инновациялық, тәрбиелік және білім беру.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайы – жо­ғары оқу орнының ғылыми-ақпараттық бө­лім­­шесі. Оның мақсаты – келешек мамандарды мәдени-тарихи құндылықтармен таныстыру. Қа­зақ­станда және әлемдік деңгейде бәсекеге қабі­летті өнегелі және патриоттық тәрбие беруді қам­тамасыз ету – университеттің мәдени-тарихи құндылықтарын сақтау, санын арттыру және насихаттау болып табылады.
Университет мұражайы 1989 жылдан бастап жұмыс істейді, 20 жылдан кейін оған ауқымды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жаңа мұражайдың ашылуы ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылы 13 қазан айындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келу сапарымен орайластырылған болатын.

Әл-Фараби мұражайы

Әл-Фараби музейі Қазақ ұлттық университетіне 1991 жылы есімі берілген Ұлы ғұлама бабамыз әл-Фарабидің рухани мұраларына арналған. Бұл музей 2013 жылдың 13 сәуір күні университетіміздің Ғылыми кітапханасымен бірге салтанатты түрде өз есігін барша қауымға айқара ашты. Музейдің негізгі мазмұндық құрылымы – диорамдық кешендері мен жаймасөрелері тақырыптық экспозицияларға бөлінген. Олар: «Көне Отырар – естеліктер қазынасы. Әл-Фарабидің жастық шағы»; «Ұлы Жібек Жолы бойымен»; «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты»; «Әл-Фараби еңбектері – адамзаттың асыл қазынасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары»; «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан».

Биологиялық мұражай

Биологиялық мұражай 1936 жылы биология­лық факультеттің зоология кафедрасы жанынан зоологиялық мұражай ретінде ашылып, кейін 1949 жылы факультеттің биологиялық мұражайы болып қайта құрылды.

Қазақстанның палеолит мұражайы

Қазақстанның палеолит мұражайы 2000 жылы ашылған. Мұражайдың топтамалық ғылыми қоры 600 мыңнан астам артефактіден тұратын палеолит және неолит дәуірлеріндегі тастан жасалған құрал-саймандардың жинағынан құралған.

Қазақстанның көне және ортағасырлық археологиясы мұражайы

Қазақстанның көне және ортағасырлық архео­логия мұражайы 1983 жылы ашылған. Мұ­­ражай экспозициясы үш бөлімнен тұрады, онда кафедра ұстаздарының ғылыми зерттеулері барысында та­былған қола дәуірінің, ерте темір ғасырының және орта ғасырлардың археологиялық материалдары жинақталған.

Шығыс мұражайы

2014 жылдың 16 мамырында әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен университеттің серпінді жобаларды жүзеге асыру бағдарламасы аясында Шығыс Мұражайының ашылу салтанаты өтті.