Ғалымның ізі

11.10.2016

Көрулер: 1677

2016 жылдың 10-12 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Сарсембинов оқулары шеңберінде «Кондесирленген физиканың, нанотехнологияның және наноматериалдардың заманауи мәселелері» атты IV Халықаралық ғылыми конференциясы өз жұмысын өткізді. эксперименталды және теориялық физиканың ғылыми зерттеу институты, ашық түрдегі Ұлттық нанотехнологиялық зертхана және қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы ұжымдары ұйымдастырды.

Конференция – пікірлестермен кездесуге, тәжірибе алмасуға және зерттеу нәтижелерін талқылауға тамаша себеп. ҚР-ның ҰҒА-ның академигі, Қазақстандық реттелмеген құрылымдар физикасының мектебінің негізін салушы Ш.Ш. Сәрсембинов шәкірттері әр 3 жыл сайын осындай іс-шара ұйымдастырады. Конференция тақырыбы конденсирленген күй физикасының сұрақтарын, атап айтқанда, наноматериалдар синтезі және оларды зерттеу, құрылымдар эволюциясы, фазалық құрамы және физика-механикалық қасиеттері, «жасыл» кремнийлік фотоэнергетика бойынша жоғары технологиялық өндірісі сияқты сұрақтарды кең ауқымда қамтиды. Осы конференция әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарын біріктірді.

Оқулар жұмысын бастай отырып, конференцияның төрағасы физика-техникалық факультетінің деканы Асқар Давлетов ҚР ҰҒА-ның академигі Төлеген Қожамқұловқа сөз берді. Т. Қожамқұлов ҚР ҰҒА-ның академигі, атақты физик Шәмші Сәрсембиновпен жақын дос болғаны туралы мәлімдеді. «Біз – сыныптастармыз. Барлық бастамаларда айрылмастай болдық. Шәмшінің өмірлік жолы, сол жылдардағы талантты жастарға лайық сарқылмас талпынысы оны ғылымға алып келді. Көрнекті жеке қасиеттері құдайдың сыйымен толықтырылып, оның жолын қайталанбастай, жарық және қасиетті етті».

«Жану мәселелері институтының» директоры академик Зулкаир Мансуров Ш.Ш. Сәрсембиновтың кристаллды емес құрылымды жартылайөткізгіштердің электрондық қасиеттерін реттеу атты жаңа ғылыми бағыттың негізін қалағаны туралы айтып ғалымдармен бірге кристаллды емес жартылайөткізгіштердің модификациясының жобалағанын атап кетті. Ғалымның басқаруымен 1995 жылы кафедрада «Физика» мамандығы бойынша Республикадағы алғашқы магистранттарды дайындау бағдарламасы жүзеге асырылды. Сол жылы теориялық физика және космос физикасы кафедраларымен бірлесе отырып алғаш рет Республика бойынша магистранттар дайындады.

ҚР ҰҒА академигі Б.Н. Мукашев өзінің бір ауыз сөзінде Ш.Ш. Сәрсембиновтың ғылыми қызығушылық шеңбері өте кең болғанын атап өтіп, ғалымның жақсы көретін тезисі жөнінде, яғни, «Құрылым қасиетті анықтайды» айтты. Оның зерттеулерінің нәтижелері, жаңа идеялары және ғылыми тәсілдемелері заманауи материалтану және нанотехнологиялардың бөлімдерінің дамуына елеулі ықпал етті және ықпал етуде. Осы айтылғандар Ш.Ш. Сәрсембинов құрған қуатты ғылыми мектептің қызметкерлеріне, яғни, көптеген отандық және шетелдік физик ғалымдардың зерттеулеріне түрткі болып жатыр. Оның ғылыми монографиялары, халықаралық конференциялардағы шолу мақалалары жаңа бағыттағы ғылыми зерттеулерді тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелде өрістетуде маңызды рөл атқарды.

Қарағанды университетінің профессоры Т.А. Көкетаев Шәмші Шәріпұлының ең айрықша қасиеттері ретінде оның өз ісіне толықтай сенуін және фантастикалық еңбекқорлығын атап өтті. Шәмші Шәріпұлы басқалардың ішінде профессионалдық энтузиазм және қызығушылықтарының кеңдігімен ерекшеленді. «Наноматериалдардың айрықша қасиеттерін түсіндірудегі конденсирленген күй физикасының маңыздылығы жөніндегі ұзақ уақыттық пікірсайыстарымызды ұмыту мүмкін емес».

Осы іс-шараны, яғни, оқуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру ғалымның шәкірттерінің инициативасы болды. Шәкірттерінің бірі Алматы байланыс және энергетика университетінің ректоры Е. Сырғалиев ұстазының жастардың ойына сенгенін және олардың таланттарын қолдағанын атап өтті. Бір кездері ұстазы оны ҚазҰУ-нің физика факультетінің студенттік деканы ретінде сайлап өзінің мүмкіншіліктерін толықтай ашатын бағытты көрсеткен. «Осы сәт мен үшін үлкен өмірге жолдама болды. Оның қол астында жұмыс жасағандардың барлығы Шәмші Шәріпұлының еңбегі мен өзгелерге деген ерекше көңіліне шексіз риза деп ойлаймын» - деді Е. Сырғалиев.        

Шәмші Шәріпұлының жолдастары, пікірлестері және шәкірттерінің оны еске алулары ғылыми баяндамалармен тығыз байланысты болды. Профессор А.И. Купчишин өзінің каскадты-ықтималдық процестердің теңдеуін шешу жөніндегі баяндамасын айта тұрып осындай мәселелерді Ш. Сәрсембиновпен өте жиі талқылағанын және әрдайым таусылмайтын жолдастық қолдау көрсеткені жөнінде айтып кетті. «Шәмші Шәріпұлы Төлеген Абдисагиұлы сияқты менін студенттік досым. 1973 жылы біз үшеуміз физика-математика ғылымдар кандидатын алуға арналған диссертацияны қорғадық. Шәмші – қатты дене физикасынан, Төлеген – теориялық физикадан, ал мен – космостық сәулелер және атом ядросының физикасынан. Көптеген адамдар қызғанышта қалды. Біздің ең мықты достығымыз үшін бізді «Үш ноян» деп атап кетті және біз осыны мақтан тұтқанбыз. Менің достығымызға арнап шығарған ең жақсы көретін өлең жолдарымды оқып берсем:

Любой из нас калач, конечно ж тертый,

Легкоатлет кто, кто борец, кто любит бокс.

Три доктора, профессора, три мушкетера

Идут по жизни этой рядом бок о бок.

Прошли научный путь свой, спорт, учебу, службу,

Достигли всех вершин, прекрасен наш союз.

Живой пример для всех надежности и дружбы,

Труда и верности, пред Богом в том клянусь!»

Академик Н. Сахненко (Харьков, Украина), сонымен қатар, А. Шерченков (Мәскеу, Ресей), К. Шункеев (Ақтөбе), С. Кумеков и З. Жанабаев профессорларының баяндамалары өте қызықты және пікірталасқа мол болды.

Академикке деген естелік ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің баспасының қолдауымен «Өнегелі өмір» сериясында «Шәмші Шәріпұлы Сарсембинов» атты кітап жарық көрді. Кітаптың нұсқалары АҚШ (Petro Beam Inc. Нанофазалық зерттеу орталығы), Канада (Торонто университеті), сонымен қатар, Испания, Украина, Беларусь және Қазақстанның алдыңғы қатарлы зертханаларының мүшелеріне табысталды.

ҚДФжБФ каф.меңгерушісі Г.Ш.Яр-Мухамедова

Cт.преподаватель Сагидолда Ерулан