Манчестер университеті делегациясының сапары

12.06.2017

Көрулер: 2386

Ұлыбританияның Манчестер университеті өкілдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келген  іс-сапары аясында бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаевпен және химия және химиялық технология, география және табиғатты пайдалану, физика-техникалық факультеттерінің декандарымен кездесуі өтті.

Аталған кездесуде Манчестер университетінің интернациоландыру бойынша вице-президентінің орынбасары, профессор Стефон Флинт, Манчестер университетінің бизнесті дамыту бойынша менеджері Шанта Афале, компьютер ғылымдары мектебінің ғылыми қызметкері Энн Гладсон, тұрақты энергетикалық жүйелер бойынша профессор Патриция Торнлей (Tyndall Centre for Climate Change Research) және де Дейв Картер, Manchester Digital Lab жетекшісі қатысты. Кездесу барысында тек білім беру бағытында ғана талқылаулар болып қоймай, сонымен қатар ғылыми даму бағыты да айтылды. Тараптар Қазақстан мен Ұлыбританияның білім жүйесін сөз етіп, ерекшеліктеріне тоқталды.

Университет өкілдері факультет қабырғасында жыл сайын өткізіліп отыратын «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты форум, университеттің тұрақты қала идеясы мен «Al-Farabi university smart city» жобасына, қалалардың дамуы мен оны жобалауда қазіргі таңдағы жаңа ГАЖ-технологиялары мен арақашықтықтан зерделеу әдістерін пайдалану мүмкіншіліктері қызықтырып, кездесу нәтижесі бойынша  білім-беру саласында қарым-қатынас – жазғы/қысқы оқуларды ұйымдастыру, «геоинформатика», «картография», «метеорология» және «экология» бағыттары бойынша академиялық ұтқырлылық бағдарламасын дамыту. Ньютон-Аль Фараби және Global Changing Fund (жаһандық сұрақтарды қамтиды) бағдарламаларына ортақ жоба дайындау, Смарт Сити және қалалардың тұрақты дамуы және т.б. бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайту көзделді. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты нығайту бойынша келісімге келіп, жұмыс тобы анықталды.

Бір айта кетерлігі Манчестер университетінің өкілдері Дейв Картер мен Анн Гледсонның Алматы қаласында «Атакент» сауда-көрме орталығында өткен VI Инновациялық форумыны жұмысына қатысты. Дейв Картер форумда жасаған баяндамасында Қазақстанға алғашқы сапары екендігін жеткізіп болашақта старт-ап саласын дамыту мен Urban Planning бағыты бойынша қазақстандық университеттермен, әсіресе форумқа қатысып келіп отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультет мүшелерімен қарым-қатынас орнатуды көздеп отырғанын атап өтті. Сонымен бірге, Энн Гладсон өзінің баяндамасында да Манчестер мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен болашақта ынтымақстастықты нығайту мүмкіншіліктеріне тоқталып өтті.

 

Баспасөз қызметі