Жас ғалымның жарияланымы

08.09.2017

Көрулер: 440

ҚазҰУдың жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі, жас ғалым Болат Уралбековтің шетелдік әріптестерімен бірлесе жазған «Growth of the complex borates YxRySc2+ z (BO3)4 (R= Nd, Pr, x+ y+ z= 2) with huntite structure» мақаласының суреті беделді «Crystal Research and Technology» халықаралық ғылыми журналының кезекті шығарылымының мұқабасында жарық көрді.

Зерттеу жұмысын жарыққа шығарған журнал химия және материалтану саласы бойынша екінші деңгейлі дәрежеге ие (SCIMago Journal Rank деректері бойынша). Ғылымдық жұмыс  ресей және француз  ғалымдарымен бірлесе отырып жасалып, бұрындары белгісіз күрделі борат синтездерінің құрылымдарына арналған. Бұл жұмыс лазерлік техника құралдарының оптикалық құрылғылары үшін маңыздылығы бар.

Журналдың мұқабасына жариялауға арналған оннан астам мақалалардың ішінен дәл осы жұмысты таңдау біздің университеттің ғалымдары мен шетелдік әріптестермен бірлесіп жасаған кристалдар химиясы мен технологиясына қосқан өлшеусіз үлесі болып табылады.

Айта кетерлігі, соңғы екі жылда химия кафедрасының қызметкерлері материалтану саласы бойынша бейорганикалық кристалдардың өсуі туралы бірқатар халықаралық ғылыми мақала жариялап үлгерді.  

 

Баспасөз қызметі