ҚазҰУ-дың ғылыми журналы халықаралық деректер базасына енді

31.10.2018

Көрулер: 779

Ақпараттық жүйелер мен зияткерлік меншік топтамаларын басқаратын «Clarivate Analytics» халықаралық агенттігінің мәліметі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «International Journal of Biology and Chemistry» атты биология және химия бойынша ғылыми журналы «Web of Science Core Collection»-тің жаңа ғылыми деректер базасына енді. 
Еліміздегі жетекші университет журналының әлемдегі үздік ғылыми басылымдарды индекстейтін беделді халықаралық деректер базасына енуі –қазақстандық жоғары білім мен ғылымның кезекті биік жетістігі.  «ҚазҰУ зерттеу университетіне айнала отырып, Елбасының әлемнің 200 үздік топ жоғары оқу орындарының құрамына ену жөніндегі міндеттерін сәтті орындау мақсатында қарқынды жұмыс атқаруда. Біз қазақстандық ғалымдардың зерттеулерін жетілдіруге мүмкіндік беріп, әлемдік ғылымда лайықты орынға ие болуға тырысамыз», - деп атап өтті ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры Тілекқабыл Рамазанов.  Айта кетерлік жайт, ҚазҰУ химиялық және биологиялық, химиялық және технологиялық, сондай-ақ физикалық және математикалық бағыттардағы ғылыми журналдары халықаралық ғылыми деректер базасына енген Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық университеттердің бірі.

 

www.kaznu.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің International Journal of Biology and Chemistry ғылыми журналы Web of Science Core Collection  платформасындағы Emerging Sources Citation Index деректер базасына қосылды. 
 
Clarivate Analytics агенттігінің деректеріне сәйкес журналдағы мақалалар 2018 жылдың қаңтар айынан бастап индекстелетін болады. Университет журналының әлемдегі үздік ғылыми басылымдарды индекстейтін беделді халықаралық деректер базасына қосылуы университеттің ұлтаралық қатынасты және зерттеуді қалыптастыруға алған бағытының дұрыстығын растайды.
Clarivate Analytics  саясатына сәйкес Emerging Sources Citation Index  базасында индекстелу үшін сараптамалық топпен журналдарды іріктеп алу Web of Science Core Collection негізгі деректер базасына кіру үшін алғашқы және маңызды қадам болып табылады. Мұнда журналдағы мақалалардың басқа әдебиеттер тізімінде аталуының негізінде кейін импакт-фактор индексі беріледі.
International Journal of Biology and Chemistry журналы Web of Science Core Collection платформасындағы Emerging Sources Citation Index деректер базасына қосылған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үшінші журналы болып табылады. Осылайша аталған базада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шығарылатын «Eurasian Chemico-Technological Journal» және «ҚР ҰҒА хабарлары. Физика-математика сериясы» журналдары индекстеледі.   
Clarivate Analytics – деректер базасы ақпараттық жүйелерді және зияткерлік меншік топтамаларын басқаратын тәуелсіз беделді компания. Бұл компания ғылыми және академиялық зерттеулерді, патенттік талдауды және құқықтық реттеуді, фармацевтикалық және биотехнологиялық зерттеулерді өткізуге, тауарлық белгілерді, брендтерді және зияткерлік меншікті қорғауға бағытталған жұмыстармен айналысады. ript>X-NONEript>