Биологиялық мұражай

Биологиялық мұражай 1936 жылы биология­лық факультеттің зоология кафедрасы жанынан зоологиялық мұражай ретінде ашылып, кейін 1949 жылы факультеттің биологиялық мұражайы болып қайта құрылды. 1984 жылы университтің мұражайы ашылды. Мұражай 3 бөлімді үлкен залдан тұрады, онда 84 витрина орнатылған. Мұ­ражай қоры териологиялық, орнитологиялық және энтомологиялық бөлімдерден тұрады. Мұ­ра­­жайдың үлкен залында Қазақстан және Орта Азия тоғай ормандарының патшасы Тұран жол­барысының (Panthera tigris vigrata Illiger. 1815) экспозициясы қойылған. Бұл тек университеттің ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстанның мақ­танышы және зор ғылыми мәні бар жалғыз тұлып.