Академиялық мәселелер жөніндегі департамент

Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің негізгі атқаратын қызметтері:

  1. әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу процесін кредиттік жүйе негізінде ұйымдастыру және басқару
  2. оқу процесін ұдайы жаңарту, оқу барысындағы қызмет көрсетуде сапасын арттыру
  3. оқу процесін дамыту және жаңа технологияны енгізу
  4. білімді бақылау жүйесінде баллдық рейтинг жүйесін одан ары тиімді жетілдіру (аралық, қорытынды білімді бақылау )
  5. пәнді таңдау жүйесін жетілдіру
  6. оқу процесіне ғылымның соңғы жетістіктерімен техникалық, инновациялық технологияларымен қамтамасыз ету.
  7. университеттің барлық дайындық түрлерінің оқу бағдарламасын үнемі дамыту
  8. тек ішкі нарықта ғана емес, халықаралық бәсекелестік еңбек нарығында да білікті бакалавр, магистр, PhD мамандарын дайындауға барлық жағдайын қамтамасыз ету
  9. ҚазҰУ-нің әлемдік оқу кеңістігіне енуі, ҚР басқа университеттер арасында жетекші дәрежеге жету үшін университетті оқу қызметтерімен қамтамасыз ету.

Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің бөлімдері негізгі Болон реформасының қағидаларына сәйкес келесі кредиттік оқу жүйесін жүзеге асырады.