«Парасат» кәсіподағының тарихы

Кәсіподақтың щығу тарихы 1959 жылдан басталады. Сол кезде Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жергілікті кәсіподақ ұйымдастырылды. Кәсіподақты басқарғандар: К.Үргеншбаев (1959), Ю.Г. Басин (1961), В.К. Сидоров (1963), Е.М. Шварцман (1967), С.З. Нарматов (1971), Р.К. Өтекешева (1979), Т.М. Төреханов (1981), Т.З. Ахметов (1991), Л.С. Ахметова (1993), Г.В. Винокуров (2000), М.Т. Мұқашева (2002), Ш.А.Әмірбеков (2008). 2011 жылдың 15 ақпанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіптік одағының сайлау конференциясында Т.Қ.Мекебаев тағайындалды.

2008 жылдың 8 қаңтарында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінде университеттің кәсіподақ комитеті мен әкімшілігінің арасында жасалған Ұжымдық шарт 2010 жылдың 1-наурызында тіркелді.