Халықаралық турнирде ҚазҰУ құрамасы қола жүлдені қанжығалады

17.06.2017

Көрулер: 148

Ақтық сайыста Азияның 8 мемлекетінің командасы додаға түсті.

Алғашқы кездесуде ҚазҰУ құрамасы Тайвань ұлттық ғылым мен технология университетінен 79:80 есебімен жеңіліс тапса, келесі екі ойында 69:49 және 75:59 есебімен Оңтүстік Қытай технологиялық және Макао университетінен басым түсіп, жеңіске жетті.

Үшінші орын үшін таласқан матчта біздің құрама 97:53 есебімен Наньян технологиялық университетінен алға шығып, қола жүлдені қанжығалады.

Атап өту керек, жаттықтырушы Балауса Алпысбаева жетекшілік ететін ҚазҰУ командасының құрамына Ұлықбек Болатов, Жалғасбек Қадыр, Данияр Естемір, Русла Айтқали, Темірлан Жүнісов, Атай Жансын Алтун, Вадим Коржов, Александр Данильченко, Никита Тимофеев, Андрей Литвиненко, Дінмұхамед Шоғанбеков кіреді.

Біз спортшыларды шын жүректен құттықтап, бағындырар белестері көп болсын деп тілейміз!