әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері – 2018 жылғы қысқы XXIII Олимпиада ойындарының қатысушылары (Оңтүстік Корея)

23.01.2018

Көрулер: 128

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері, конькимен жүгіру спортынан халқаралық дәрежедегі спорт шеберлері Федор Мезенцев пен Роман Креч төрт Олимпиада лицензиясын жеңіп алып, ең басты төртжылдық жарысқа қатысуға мүмкіндік алды.

Пхенчан-2018 Олимпиада ойындарына жолдамасын алу Канада мен Америкада өткен лицензиялық турнирлер сериясын аяқтайтын Әлем Кубок кезеңінде шешілді.

Жылдың қорытынды бастамасында біздің студент-спортшылар үздік нәтиже көрсетіп, сәтті өнер көрсетті:

Қазақстанның ең үздік қысқа қашықтыққа жүгіруші спортшысы Роман Креч 500 метр қашықтыққа екі рет – 34.75 секунд бірдей нәтижені көрсетіп, лицензияны жеңіп алды.

Федор Мезенцев үш қашықтықта: 500, 1000 және 1500 метрде жүгірді және әрбір қашықтықта өзіндік жеке рекордты орнатты. Әлем Кубогының қорытындысы бойынша Федор бірден үш Олимпиадалық лицензияны жеңіп алды.

 

Біздің студенттерді сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!

Спортклуб