«Алматы-марафон 2018» жеңімпаздары

24.04.2018

Көрулер: 685

«Алматы-марафон 2018» жеңімпаздары

2018 жылдың сәуір айының 22-де Орта Азиядағы ең ірі әуесқой спорт фестивалі - халықаралық Алматы қаласының жетінші марафоны өтті.

Бұл жылы «Алматы марафонға» 38 мемелекеттің арасынан әуесқой жүгіруден 14 мыңнан астам адам қатысты. Жаңа бағыттар, жаңа жолдар.

Жол трассасы бірнеше қашықтыққа бөлінді: 3 км (балалар 10-14 жас), 10 км, 21,1 км (жартылай марафон), 42,2 (марафон) және Скандинавиалық жүрісте 10 км жүру.

Бұл ауқымды іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «ДШжС» мамндығының студенттеріде қатысты.

21 км қашықтықтағы абсолютті жеңімпаздары - «ДШжС» 4 курс студенті Амангос Ислам 1:13:50 нәтижесімен және «ДШжС» 2 курс магистранты Мамажанова Жанна – 1:26:11.

10 км қашықтықта «ДШжС» 1 курс студенті 42:29 нәтижесімен Саунина Светлана жеңімпаз атанды.

Бұл жерде айта кетсек, Мамажанова Жанна - 21 км қашықтықта Алматы марафонының үшдүркін Чемпионы.

Чемпиондарымызды құттықтаймыз және де жаңа жеңістерге жетуіне тілектеспіз!

 

Спортклуб