Кафедраның тарихы

Эпидемиология , биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми Кеңесінің шешімімен 2015 жылы желтоқсан айында құрылды.

Кафедраның бірінші меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Резник Виталий Лазаревич болды, ол 37 ғылыми зерттеулердің авторы немесе бірлескен орындаушысы, 136 ғылыми мақаланың авторы; санитариялық заңнаманың 23 құжатының жауапты әзірлеушісі ​​және / немесе бірлескен авторы; Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы туралы» заң жобасын әзірлеушілердің бірі (2002). Көп жылдар бойы «Гигиена», «Қоғамдық денсаулық сақтау және халық денсаулығы», «Экология» мамандықтары бойынша докторлық диссертациялық кеңестердің мүшесі болды.

Қазіргі кезде кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты Жанна Витальевна Романова басқарды.

Кафедра «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистранттар мен докторанттарды даярлауға бағытталған.

Кафедраның миссиясы Қазақстан Республикасының даму стратегиясына және заманауи зияткерлік талаптарға сай жоғары деңгейдегі кәсіби мәдениетке, азаматтық санаға ие, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қабілетті, ғылыми-зерттеу және басқарушылық қызметті табысты жүзеге асыратын мамандар әлеуетін қалыптастыру болып табылады.

Кафедраның мақсаты жоғары академиялық стандарттарға сәйкес қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистранттарды дайындау; студенттерді ғылымның қиылысында іргелі біліммен қамтамасыз ету, нақты дамып келе жатқан әлемдегі кәсіби мобильділікті қамтамасыз ету; докторантурада ғылыми жұмыстарды жалғастыру үшін ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу дағдыларын қалыптастыру; педагогика және психология саласындағы білім беру.

Кафедра қызметінің негізгі бағыттары – биомедициналық статистика және зерттеу мәліметтерін статистикалық өңдеу, ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерді, дәлелді медицина, жүйелі шолулар, медициналық технологияларды бағалау, ғылыми зерттеулер әдіснамасы, ғылыми зерттеулерді басқару, ересектерге білім берудегі оқыту әдістемесі салаларындағы білім беру, ғылыми-зерттеу, кеңес беру, сараптама жүргізу.

Кафедра мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында, ғылыми-педагогикалық және бейіндік магистратура мен докторантурада мамандар дайындайды. Сонымен қатар, кафедра қызметкерлері университеттің басқа кафедраларымен жүргізілетін арнайы курстарға қатысады.

Эпидемиология, биостатистика және дəлелді медицина кафедрасының модульдері:

  • •         Медицина және денсаулық сақтау саласындағы статистика;
  • •         Биомедициналық статистика;
  • •         Сандық талдау;
  • •         Медицина мен денсаулық проблемалары бойынша ғылыми зерттеулерді басқару;
  • •         Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы;
  • •         Дәлелді медицина негіздері;
  • •         Клиникалық және басқару практикасында дәлелді медицинаның технологиялары;
  • •         Медициналық технологияларды бағалау;
  • •         MS Excel және SPSS арқылы ғылыми зерттеулерді статистикалық өңдеу;
  • •         Интернетте дəлелденген медициналық ақпараттарды іздестіру стратегиясы, ғылыми басылымдар үшін деректер базасы. MS Access үлгісіндегі салыстырмалы дерекқорды басқару жүйелері.

«6M110200 - Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық және профилді магистратураның білім беру бағдарламасы ASIIN халықаралық агенттігімен аккредитациядан өтті.