Факультет туралы

 

Экономика және бизнес жоғарғы мектебі: негізгі  фактілер

 

- 1949 жылы негізі қаланған, ең алғашқы деканы – ғылымына еңбек сіңірген  қайраткер Федор Алексеевич Жеребятьев.

- Қазақстан Республикасындағы экономикалық мамандықтар бойынша жоғарғы білікті мамандар, магистрлер мен Ph.D. докторларын дайындайтын ең үлкен және ең алғаш құрылған орын болып табылады.

- Профессорларлық-оқытушылық құрам әрі беделді ғалымдар, әрі келешегі зор жас ғалымдардан тұрады, олар өз кезегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әр түрлі уақытта жұмыс істеген танымал отандық экономистердің ізін қуып, ғылыми дәстүрлерін  жалғастырып келеді.

- 70-жылға жуық тарихында экономикалық профильдегі 15000-нан астам маман, 270 ғылым докторлары мен кандидаттарын, 2000 магистрлер мен Ph.D. докторларын дайындап шығарды.

- Жыл сайын мемлекеттік білім грантының иегері атанған абитуриенттердің жартысынан астамы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебін таңдайды. Себебі:

  • біздің түлектеріміз табысты әрі бәсекеге қабілетті, және бизнес, ғылым, білім салаларында, ұлттық және шетелдік компанияларда, мемлекеттік қызметте  жоғары сұранысқа ие;
  • біздің студенттер, магистранттар мен докторанттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алып, өздеріне қолайлы жеке оқу траекториясы мен оқыту формасын таңдай алады
  • біздің студенттер екі дипломдық білім беру бағдарламалары арқылы шетелдік әріптес университеттің де дипломын алу мүмкіндігіне ие;
  • біздің студенттер оқудың бірінші күнінен бастап ғылыми-зерттеу қызметіне, жетекші ғалымдардың ғылыми жобаларына қатыса алады;
  • біздің студенттер университеттің қоғамдық өміріне белсенді ат салыса отырып, өздерін  ары қарай жетілдіруге, жан-жақты дамытуға мүмкіндік алады.

 

ХХІ ғасыр экономистеріне білім берудің қара шаңырағына қош келдіңіздер!