2016 оқу жылына әскери кафедраға түсу тәртібі

Қазақстан Республикасының 27 жасқа дейін азамматтарына, күндізгі оқудың 1-ші курс студенттеріне, тіркелу куәлігінде "әскери қызметке жарамды" деген жазбасы бар және запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту үшін байқау іріктеуіне қатысқысы келетіңдерге, осы мекен-жай бойынша әскери кафедраға өтініш беру үшін келу: Төле би көш., 96 (Байтұрсынов көш.қиыл.).

1. Өтініштерді қабылдау мерзімі - 2016 жылдың 08 ақпанынан 29 сәуіріне дейін.

Өзімен бірге:

- тіркелу куәлігі (тұпнұсқасы мен көшірмесі);

- жеке куәлігі (тұпнұсқасы мен көшірмесі);

- сынақ кітапшасы немесе студенттік билет;

- 3х4 сүреті - 1 дана.

2. 2016 жылдың 29 сәуіріне дейін мерзімінде қорғаныс істері бойынша басқармаларында тіркелу орны (әскери комиссариат) бойынша медициналық қараудан өту.

3. Кәсіби-психологиялық жарамдылықты және дене дайындығы деңгейін анықтау тексерісі 2016 жылдың 11 мамырынан бастап 23 мамырына дейін кесте бойынша әскери кафедрада жүргізіледі.

4. Дене дайындығы нормативтері келесі параметрлер бойынша қабылданады:

- студент - ұл балалар үшін: 3000 метрге жүгіру, 100 метрге жүгіру, кермеде тартылу;

- студент - қыздар үшін: 1000 метрге жүгіру, 100 метрге жүгіру, кешенді күш жаттығу.

Дене даярлығы бойынша нормативтер

Баллдар

студент - ұлдар үшін

студент - қыздар үшін

3000 метрге жүгіру

100 метрге жүгіру

Кермеде тартылу

1000 метрге жүгіру

100 метрге жүгіру

Кешенді күш жаттығу

100 балл  (ең жоғары) 

10 мин 45 сек

12,8 сек

21 раз

3 мин 40 сек

14,6 сек

44 рет

.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............

20 балл (ең төмен)

14 мин 10 сек

16,2 сек

5 раз

4 мин 35 сек

18,0 сек

26 рет

Бір жаттығуда, ең төмен деңгейлі - 20 балл. Бір жаттығуда, ең төмен деңгейге жетпеген, төмен деңгейлі баллды жинамаған кандидат "қанағаттандырарлықсыз" бағаланады.

Әскери кафедрасының әкімшілігі

әл-Фараби атындағы КазҰУ

100 метрге жүгіру 

ript>X-NONEript>