Университет туралы
Университет паспорты | |
---|---|
Атауы |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті |
Құрылған жыл
|
1934 |
Ректор |
Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы |
Куәліктер мен лицензиялар |
Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу куәлігі 25.01.1999 ж. Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу куәлігі 19.12.2001ж. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациядан өткендігі туралы куәлік 22.08.2011 ж. |
Басқару моделі |
ҚазҰУ-да Корпоративтік басқару енгізілген: 2014 жылдың 18 тамыздағы №353 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің бұйрығына сәйкес, бақылау кеңесі құрылған. Бақылау кеңесінің отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі. Бақылау кеңесінің құрамы 10 адамнан тұрады:
|
Бөлімдер:
|
ҚазҰУ-да 7 ғылыми-зерттеу институты, 1 ғылыми-технологиялық парк, 5 институт, 30 әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы ғылыми орталық, 14 факультет, 62 кафедра және 7 департамент жұмыс істеуде. Бакалавриат бойынша 81 мамандық, магистратурада 84 және PhD бойынша 64 мамандық бойынша мамандар дайындалуда. |
Инфрақұрылым
|
Жалпы жер көлемі – 100 гектарға жуық, ғимараттар мен құрылыс ауданы - 335 928 кв. м, бұдан басқа Қырғызстан Республикасының аумағында Ыстық көл ауданы 17 гектар спорттық-сауықтыру лагері орналасқан. Университет теңгерімінде:
|
Білім алушылар саны |
18000 |
Ұстаздар саны |
2 000 |
Халықаралық әріптестік |
ҚазҰУ бүгінгі таңда әлемнің 25 мемлекетіндегі 400-ден астам ірі университеттерімен жемісті әріптестік жүргізуде. Білім және ғылым саласында іс жүргізетін шетелдік кәсіпорындармен 340 келісімшарт жасалған. Сонымен қатар 20-ға жуық келісімшарт Консорциумдар/Клубтар/Ассоциациялар негізінде жасалған. |
Ғылыми жетістіктер |
2010-2014 жж. Scopus мәліметтер базасындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы Қазақстандық жарияланымдар санына қосқан үлесі 14% құрады. 2010-2014 жж. Web of Science мәліметтер базасындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы Қазақстандық жарияланымдар санына қосқан үлесі 14% құрады. Thomson Reuters және Scopus халықаралық базаларына енетін журналдардағы Қазақстандық әрбір жеті мақаланың бірі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының еңбегі. |
Бюджет |
2014 ж. 21971787 мың.теңге. 2011-2014 жылдардағы қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет – 65%, бюджеттік емес қаржылар – 19 %, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – 3%, ғылыми-зерттеу қызметі – 13%. |
Орналасуы
|
Қазақстан Республикасы Алматы қ., 050040 әл-Фараби даңғылы 71 |
Сайт |