ҒЗИ-ның профессорлық-оқытушылық құрамы

ҒЗИ мен ҚазҰУ-нің бірлескен оқу бағдарламасы бойынша оқытатын ҒЗИ-ның профессорлық-оқытушылық құрамы қалыптасты. «Ғылым ордасында» магистранттар мен докторанттарды дайындау үрдісіне қатысатын және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің штатына қабылданған профессорлық-оқытушылық құрам оқытылушы контингенттің көбеюіне байланысты 2015-2016 оқу жылында екі есеге артты. Жалпы саны – 169 оқытушы, соның ішінде 8 ҚР ҰҒА академигі, 11 ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 86 ғылым докторлары, 59 ғылым кандидаттары, 5 PhD докторлары. ҒЗИ-ның профессорлық-оқытушылық құрамның 131-і ҚазҰУ-нің штатына 0,5 және 0,25 жүктемемен немесе сағаттық төлем негізде тіркелген. 38 танымал ғалымдар магистранттарға жетекшілік етеді және докторанттардың отандық ғылыми кеңесшілері болып тағайындалған.        

Институттардың оқу бағдарламалары бойынша

профессорлық-оқытушылық құрамы  

Барлығы

169 адам

Ғылым докторлары, профессорлар мен доценттер

86 адам

PhD докторлары

5 адам

Ғылым кандидаттары (соның ішіндегі доценттерді қоса есептегенде)

59 адам

ҚР ҰҒА академиктері

8 адам

ҚР ҰҒА корреспондент мүшелері

11 адам