Қабылдау ережелері

Қабылдау ережесі

  1. Жеке куәліктің көшірмесі-2 дана
  2. Дипломның түпнұсқасы
  3. 3х4 фото-6 дана
  4. Медициналық анықтама 086У форма

 

Құжаттар  2017 жылдың 1-шы шілдеден 20- шы тамыз аралығында қабылданады, мекенжайымыз  Алматы қаласы,  Тимирязев көшесі  46, ГУК-3 ғимараты,  қабылдау комиссиясы. Телефон номері : +7 727 377-33-66 . Сіз өтінішті толтыруға өзіңіз келуіңіз қажет.

 

Қабылдау шарттары

  • Екінші жоғары білім алушыларға  сұхбаттасу өткізіледі;
  • Колледжден кейінгі білім алушылар комплексті тестілеуден өтеді;

 

Студент қашықтықтан оқыту технологияларын қолданып оқу үшін

  • ҚОТ пайдаланып оқуға өтініш беруі қажет;
  • Бағдарлау апталығы кезінде (оқу жылының басында) міндетті түрде қашықтықтан оқытудың электрондық жүйесімен  жұмыс істеу  тренингісінен өтіп,  пайдаланушының  сауалнамасын толтырып,  ағымдағы оқу жылындағы жеке оқу кестесі мен жеке оқу жоспарына қол кою қажет;
  • Қашықтықтан оқыту  жүйесіне қол жеткізу деректерін алып,  пайдаланушының  сауалнамасында көрсетілген ақпараттық байланыстарды растайды  (электронды почта мекенжайы және байланыс телефон нөмерлері) ;
  • Бекітілген академиялық күнтізбе мен  жеке оқу кестесіне  сәйкес  жеке оқу жоспарын орындайды;
  • Теориялық оқуды аяқтағаннан сон белгіленген күні емтихан сессиясын тапсыру үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не келіп, емтиханды  күндізгі жазбаша түрде өткізеді.

 

Оқу үрдісі

Оқыту қашықтықтан басқару жүйесі арқылы жүзеге асады. Бір семестрдің ұзақтығы - 8 апта. Студент оқу семестрі аяқталғаннан кейін  емтихандық сессия кезеңінде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не 10-12 күнге келуі тиіс. 

Теориялық оқыту кезінде студент пәндерді электронды қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы оқиды,  оған барлық оқу материалдары (дәріс конспектілері, видеодәрістер, презентациялар), тапсырмалар (тестілер жазбаша тапсырмалар топпен талқылау) және online (чат, аудио-видео конференциялар) және offline (хат алмасу, пікірталас форумы болып өтті) оқытушылардан кеңес алуға мүмкіндіктер жасалған.

Студент оқу семестрі кезеңінде қашықтықтан оқыту жүйесінде тапсырмаларды орындайды нәтижесінде әр пән бойынша максимум 200 баллдан кем дегенде 100  баллын алуы тиіс. Оқу семестрі аяқталғаннан кейін, белгіленген күні студент әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не келіп емтихан тапсырып, қалған 100 баллын ала алады.

 

2016/2017 оқу жылына арналған  академиялық күнтізбе

  • Бағдарлау аптасы – 05-12.09.16
  • І семестр – 26.09.16-19.11.16
  • І сессия – 28.11.16-10.12.16
  • ІІ семестр – 23.01.17-18.03.17
  • ІІ сессия – 27.03.17-08.04.17