"SFERA" Халықаралық Еріктілер Лагері

Халықаралық еріктілер лагері

Халықаралық еріктілер лагері дегеніміз не ?

Еріктілер лагері (workcamp) — әлемнің кез келген елінде, әдетте 2-3 аптауақытты қамтитын қысқа мерзімді әлеуметтік жоба. Жоба командасы дүние жүзі елдерінен жиналған 10-20шақты еріктілер қатарынан тұрады, жәнекез келген жобада бір елден тек 2 ерікті ғана қатыса алады. Еріктілер лагеріне қатысу –бұл әлем елдері мәдениетімен танысу, және өз уақытыңды өзің үшін де өзге үшін де пайдалы өткізудің керемет мүмкіндігі.

Жобаға қатысу қанша тұрады? 

Қабылдаушы мекеме келесіні қамтамасыз етеді:

  • Қатысушылардың тұратын орны мен тамағы;
  • Кейбір мәдени бағдарламалар;

Қатысушы өз бетінше төлейтін төлемдер:

  • Жол/авиабилет;
  • Виза шығындары мен кәдесыйлар үшін біршама ақша;
  • Қысқа мерзімді жобаға қатысу жарнасы 35000 тг. бастап;
  • Қосымша төлем (кейбір жобаларда)жоба орнына келгенде төленеді.

Лагерьге қатысу не үшін қажет?

  • Халықаралық командамен жұмыс істеу тәжірибесін алу;
  • Шынайы тілдік практика;
  • жергіліктіқауымдастықтың дамуынаүлес қосу;
  • әлемнің түкпір-түкпірінен достар табу;
  • елді ішінен тану мүмкіндігі;
  • өзін-өзі жетілдіру.

Кімдер қатыса алады?

Жас мөлшері

18+ Жобалардың басым бөлігі 18ден 100 жасқа дейінгі қатысушылар үшін ашық. Әр жоба сипаттамасындакөрсетілген жас мөлшері бойынша шектеулерге назар аударған жөн.Себебі жас мөлшері 16-26 жас аралығындағы еріктілер үшін жобаларды кездестіруге болады(Германия, Франция, Австрия).

15+ 14/15 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған жобалар да бар (TEEN деген белгілеумен белгіленген). Мұндай жобаларда әдетте мәдени бағдарламалар шығындарын жабатын қосымша төлемдер орын алады.

Отбасы Еріктілер лагеріне отбасыңызбен де қатысуға мүмкіндік бар. Ол үшін базадан FAMILY CAMP деп белгіленген жобаларды іздеу керек. Бұл жобалар 14 жасқа дейінгі балалары бар қатысушы отбасылар үшін арналған.

Жоба уақытында не істейсіздер?

Жобасы уақытында қатысушылар, күніне 4-6 сағаттан аптасына 5 күн жұмыс істейді. Қалған уақыттарында демалады, серуендейді, жергілікті халықпен араласып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысады.

Жұмыс әр жобада әр түрлі және мүлде басқаша болуы мүмкін: фестиваль ұйымдастыру, ғимараттарды қайта құру, балалар мен ересек адамдарды қарау , қоршаған ортаны қорғау, жануарларды, аңдарды бағу және т. б. База бойынша жұмыс түріне байланысты өзіңе лайықты жобаны табуға болады (мысалы, FEST — фестиваль бойынша жұмыс, AGRI — ауыл шаруашылығы, ENVI — экология).

Қосылыңыздар, бізбен бірге халықаралық еріктіліктің таңғажайып әлемін ашыңыздар!

Біздің байланысымыз: +7 727 390 49 48;  +7 727 397 53 70; +7 707 701 71 16; +7 701 152 22 64.
www.dobrovolets.ru , educaz@mail.ru , kfgulmira@mail.ru
Instagram: educaz.kz
Алматы қ., Мақатаев көшесі 3 А.