Студенттерге нұсқаулық

Қашықтықтан білім беру (студенттерге арналған нұсқаулық)


тудент тапсырманы орындап оқытушыға жібереді. Оқытушы тапсырманы тексереді және бағалайды.  Студентке жауап жиберу саны шектеулі, ол оқытушымен реттелініп басқарылады. Жіберілген хабарламар саны біткен соң Сутедент хабарлама жібере алмайды.  Егер студент қате жіберіп қойса 2 минут ішінде хабарламаны өшіріуге болады. Оқытушы өз парақшасында жіберілген хабарламаны жойып студентке екінші мәрте қайта жіберуге мүмкіндік бере алады.

Егер оқытушы берілген тапсырманы бағаласа онда студент бұл хабарламаны қайта жібере алмайды.

Тапсырманы орындау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз;

  • Бакалавр қосымшасында Қашықтықтан оқылатын курстар функциясын таңдаңыз, экранда пәндер тізімі шығады (1 сурет)

1 сурет – пәндер тізімі.

 

  • Тышқанды екі рет басып пәнді таңдаңыз,  мамандықтар тізімі пайда болады;
  • Мамандықты белгілеп тышқанды екі басып ашыңыз.  Экранда апталарға бөлінген  тізім пайда болады, Тапсырмалар саны бағанасында, ағымдағы аптада студентке берілген тапсырмалар саны көрсетілген;
  • Аптаны белгілеп Тапсырма командасын іске қосасыз (немесе қажетті аптаға тышқанды екі рет басыңыз). Экранда тапсырмалар тізімі шығады (3 сурет).

2 сурет - апталар тізімі.

 

  •  Тапсырманы белгілеп Көру  батырмасын басыңыз (3 сурет);

3 сурет - тапсырмалар тізімі

 

Жазба жолында мәтінді  енгізіп, Қосу сілтемесінің көмегімен файлды таңдап бекітіп Хабарлама Жіберу батырмасын  басыңыз (4 сурет);

Тапсырманың  максималды жауап саны мен  жауап үлгісіне (формат) назар аударыңыздар.

Жауап үлгісінің түрлері:

  • Мәтін қосылған файл  үлгісіндегі жауап-студент міндетті түрде мәтін енгізіп қосымша файл жапсырып жіберу керек;
  • Мәтін үлгісіндегі жауап-студент жауапты тек мәтін түрінде жібере алады;
  • Файл үлгісіндегі жауап –студент жауапты тек файл жібере алады.

 

Егер максималды жауап қайтару-2 болса, онда 3-ші рет осы тапсырмаға студент хабарлама жібере алмайды.

4 сурет-оқытушыға жауап жіберу терезесі.

 

Студент жіберілген тапсырманың бағасын көре алады.  Ол үшін тапсырманы белгілеп  Жинақы тізім командасын іске қосу керек. Экранда студенттер тізімі мен  жіберліген тапсырма үшін алынған бағаны (5 сурет) көре алады.

5 сурет - топтың жинақы тізімі.

Студент  оқытушының жүктелген қосымша материалдарын көре алады.  Кезеңдер (апталар) тізімінде  «Ресурстар саны » бағанасында  (2 сурет) қанша файл жүктелгені туралы мәлімет көрсетілген.  Тапсырмасы бар аптаны ашыңыз. Терезенің төменгі бөлігінде ресурстар тізімі пайда болады. Файлды жүктеу үшін екі рет басыңыз.

6 сурет - оқытушы енгізген матераилды жүктеу терезесі