Біліктілікті арттыру курстары

Жаппай ашық онлайн курстар құру (ЖАОК) еліміздегі көптеген білім беру саласындағы оқытушыларды қызықтырады. Оларды оқу процесінде қолдану, видеолекцияларды түсіру әдістері, жаңа технологияларды қолдану және басқа да көптеген сұрақтар «Жаппай ашық онлайн курстар (ЖАОК) құру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсында талқыланды.

 

2016 жылдың маусым айында біліктілікті арттыру курсы 2 рет жүргізілді: ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамына, және ҚР басқа да жоо оқытушыларына.

 

Курстың негізгі мақсаты – тыңдаушыларды онлайн білім беру индустриясының қазіргі жағдаймен таныстыру, жоспарлауды, өз ЖАОК-тарын құруды, жүргізу мен қайта жүргізуді үйрету.

 

Тыңдаушылар оқу процесінде:

  • Онлайн білім беру индустриясымен және ЖАОК-ның негізгі артықшылықтарымен танысты;
  • Тиімді онлайн курстарды құруды және оларды білім берудің әртүрлі формалары мен әдістеріне қолдануды үйренді;
  • Өз курсының прототипін (модуль) және бір сабақтың материалдарын құрды.

 

2016 жылдың 6-16 маусым аралығында «Жаппай ашық онлайн курстар құру» тақырыбында ҚазҰУ оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курстары жүргізілді. Бұл курсқа 50 оқытушы сұраныс жазды, бірақ оның 88%-ы, яғни 44 ғана курсқа тіркелді. Курсқа тіркелгендердің ішінен 68,1%-ы, яғни 31 тыңдаушы сәтті аяқтады. Осылайша курс тыңдаушылары open.kaznu.kz сайтында орналасқан «ЖАОК құру» курсын оқыды. Оқу нәтижесі бойынша тыңдаушылардың орташа балы 68,4 балды құрды.

Біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтаған оқытушылармен келесі 2016-2017 оқу жылы бойы сапалы ЖАОК құру жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Сонымен қатар, біліктілікті арттыру курсы 2016 жалдың 20-30 маусымы аралығында ҚР басқа да жоо-ның оқытушыларына арналып жүргізілді. Курсқа сұраныс бергендер саны 26 болды, бірақ тіркеліп оқуды өткендер саны 24, яғни 92,3% құрды. Қатысқан жоо-дар саны – 5. Алматы технологиялық университеті (7 тыңдаушы), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті (7 тыңдаушы), М.Әуезов атындағы оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (3 тыңдаушы), Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (6 тыңдаушы), Қазақ мемлекеттік заң университеті (1 тыңдаушы).

Барлық тіркелген тыңдаушылар аралас түрдегі оқу курсын сәтті аяқтады: 24 сағат күндізгі түрде, және 48 сағат қашықтықтан open.kaznu.kz платформасында. Оқу нәтижесі бойынша тыңдаушылардың орташа балы 71,4 балды құрады.

 

Курс аясында ҚазҰУ алғашқы ЖАОК авторлары В.В. Кашкаров, И.М. Ковалева, А.А. Мусинова спикерлерінің берген ақпараты өте пайдалы болды.

Курс нәтижесі ретінде қатысушылардың ЖАОК құру бойынша жеке немесе біріккен жобаларын, және де оны ендіру мен маркетингтік қолдауын айтуға болады.

 

Курсқа қатысушылардың өздері open.kaznu.kz платформасында жарияланған қашықтықтан білім беру институтының ЖАОК-ның тыңдаушылары да болды.

 

Курс тыңдаушыларының пікірлері

Осы курсты жасаудағы шығармашылық амалдары үшін, және де ыңғайлы да нақты нұсқаулықтары үшін курс құрушыларына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жарайсыңдар! Жасалынған жұмыстың ауқымдылығы бірден көрініп тұр. Сіздерге үлкен рахмет, денсаулық және жаңа белестерге жетуге күш-жігер тілеймін! (Aizhannika)

 

Қайырлы кеш, құрметті курс ұйымдастырушылары және әріптестер – ЖАОК архитекторлары! Барлығымызды біздің оқуымыздың аяқталуымен, жеке бас және кәсіби өсуімен құттықтаймын! Менің ойымша біз өзгердік! Біз өзіміздің біліміміз бен қабілетіміздің адамдарға керек екендігіне көзіміз жетті! Біз әлемде ісімізге берілгендігімізде – адамдарға білім нұрын шашуда жалғыз емеспіз! Курс командасына – біздің ұстаздарымызға ерекше алғысымды білдіргім келеді! Сіздердің ұйымшылдықтарыңыз, кәсіпқойлықтарыңыз, жасампаздықтарыңыз, жайдарылықтарыңыз, IT-әлемдегі керемет білімдеріңіз таңдандырады! Жаңа белестерді көрсеткендеріңіз және ғылым үшін сіздерге үлкен рахмет! Өз курстарымызды құру, тапсырмаларды орындау өте қызық болды. Барлығыңызға керемет адамдар болғандарыңыз үшін рахмет! (GaliyaKhamzyeevna)

 

Құрметпен, ҚББИ командасы!