Жаппай ашық онлайн курстары

Қашықтықтан білім берудің заманауи тенденциясы – бұл жаппай ашық олайн курстары (ЖАОК).

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті OpenEdx ашық платформасында ЖАОК енгізуден  Қазақстандағы университеттер ішіндегі көшбасшысы.

  

2014-2015 оқу жылынан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қашықтықтан білім беру орталығы оқытушылық-профессорлық құраммен бірлесе отырып ЖАОК құру жұмысын бастады және қазіргі уақытта http://open.kaznu.kz  адресі бойынша Open edX жүйесінің негізінде жеке ЖАОК платформа жұмыс істеп тұр.


2015 жылдың 1 қазанынан бастап бірінші рет  «Теория вероятности» және «Физические задачи с В. Кашкаровым» атты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жетекші оқытушыларының алғашқы ашық сабақтары жүргізіле бастады. Бұл курстарға Қазақстанның түрлі аймақтарынан 250-ден 500-ге дейін тыңдаушылар жазылды. Бұл курстарда негізінен  ҚазҰУ-нің 1-2 курс студенттері, Назарбаев зияткерлік мектебінің, мамандандырылған физика-математикалық  және жалпы мектептерден жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Деректерді талдау осы курстарыға деген  үлкен қызығушылық оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлеріне осы бағытта жұмыс жалғастыруға  ынталандыру беретінін көрсетті. 2016 жылдың маусым айының соңына қарай жүйеде 2 мыңнан астам тыңдаушы тіркелді.


Жаңа білім беру бағдарламалары негізінде университеттің білім беру қызметтерінің мобильділігін арттыру мақсатында "e-learning" дамыту бойынша іс-шаралар кешенін іске асыру және қашықтықтан оқыту технологияларының (ҚОТ) базасында кадрлар даярлау үшін ЖАОК ұлттық платформасының жұмысын ұйымдастыру және қашықтықтан білім беру орталығының жұмысын күшейту  шеңберінде  университет басшылығы құрамында ұлттық платформаның жобалық офис деңгейінде жаппай ашық онлайн курстар орталығы құрылған, «Қашықтықтан білім беру орталығы» құрылымдық бөлімін «Қашықтықтан білім беру институтына» өзгерту туралы шешім қабылдады (Ректор бұйрығы № 45 от 29.01.2016). ЖАОК орталығының ережелері(14 наурыз 2016 ж.), сондай-ақ  ЖАОК орталығының басшысының, жетекші маманының және бас маманының лауазымдық нұсқаулары(16 наурыз 2016 ж.)   оқу ісі жөніндегі проректор Д.Ж. Ахмед-Закимен   құрылды және бекітілді.


Қазіргі уақытта 35 ЖАОК әртүрлі даму деңгейінде, оның ішінде:

  • 8 ЖАОК толық құрылды, жүйеге жүктелді және қабылданды, 2 курс 2015-2016 оқу жылында 2 рет жүргізілді(қазан және сәуір);
  • қалған 27 курс пысықталынып, яғни түсірілім жүргізіліп, видеобаяндар монтаждалып, видеодәрістер және  бақылау тапсырмалары жүктеліп, контент пен тапсырмалар тестіленіп жатыр.

Зерттеу нәтижесі құрылған курстар саны 6-ға артқанын көрсетті, яғни өсу деңгейі 20,6%. 

Курстар санының аз болуы жұмыс онын санын көбейтуге емес, сапалы курстар құруға бағытталғандығымен   түсіндіріледі. Осыған байланысты оқытушылардың өздерін дайындау, оларды ЖАОК нарығымен және оның құрылу жолымен таныстыру  сұрақтары туады.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ платформасындағы онлайн курстар бойынша оқу нәтижелері


Есеп беру мерзімінде ЖАОК курстарына кестеге сәйкес 1017 тыңдаушы тіркелген:

 

ЖАОК атауы

Жазылған тыңдаушылар саны

Белсенді тыңдаушылар саны

Оқу бітірген тыңдаушылар саны (50% межені өткендер)

1

Физические задачи с В. Кашкаровым

545

28

13

2

Теория вероятностей

326

87

35

3

История казахской  журналистики

65

44

14

4

Омыртқасыздар зоологиясы

9

4

1

5

Обзорный курс по 1:С Бухгалтерия для начинающих

26

0

0

6

Давайте говорить по-японски

33

11

1

7

Бейорганикалық химияның таңдамалы мәселелері

8

0

0

8

Биофизика

5

1

0

Барлығы

 

1017

175

64

 Зерттеу нәтижесі тыңдаушылардың көп бөлігі «Физические задачи с В. Кашкаровым» курсына қатысқандығын көрсетті:


 

Соған қарамастан «теория вероятности» курсында белсенді тындашылар көп. 


  

Сондай-ақ, «Физические задачи с В. Кашкаровым» курсы бойынша толық оқып аяқтаған және 50% шекті өткен тыңдаушылар көп және белсенді тыңдаушылардың 46% құрайтынын атап өткен жөн.

 


Бұл жаппай ашық онлайн курстары үшін жақсы нәтиже болып табылады.


2016 жылдың 18 тамызында Астанада «Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі» кезінде ҚР-ның 10 ЖОО-ы арасында онлайн-курсты қолданып желілік түрде білім беру бағдарламасын құру бойынша білім беру Консорциумы туралы келісім шартқа қол қойылды:

 

  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстандық мемлекеттік техникалық университеті;
  • М. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстандық  мемлекеттік университеті; 
  • Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
  • М. Дулатов атындағы Қостанай инженер-экономикалық  университеті;
  • Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
  • Х.А. Йассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті;
  • Қ. Жұбанов атындағы Ақтобе өңірлік мемлекеттік университеті;
  • М.Х. Дулати  атындағы Тараз мемлекеттік университеті;
  • Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университеті.

 

Сондай-ақ, М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті келісім шартқа қол қоюға және ынтымақтастыққа  дайын екендерін білдірді.   


2016-2017 оқу жылында сапалы ЖАОК құру, платформада жариялымдар шығару және тыңдаушылардың белсенді қатысуы бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда. Сондықтан, онлайн білім берудің келесі даму сатысы - бұл консорциум өкілдерінің тығыз байланысын реттеу.  Ол ҚР БҒМ-мен тығыз ынтымақтастықта ашық білім берудің ұлттық платформасын құруға мүмкіндік береді.

 

Құрметпен, ҚББИ командасы!