Шаруашылық есептегі орталықтар
Радиациялық бақылау орталығы (жетекшісі – х.ғ.к. Б.М. Уралбеков) Қазақстандағы табиғи және жасанды радионуклидтермен ластанған аумақтардың радионуклидтік талдауын жүргізіп, радиоэкологиялық жағдайын бақылайтын алдыңғы қатарлы орталық болып табылады.
Орталықтың атқаратын қызметтер саласы:
- · табиғи су, топырақ, шөгінділер, таулы жыныстар, кен және құрылыс материалдарын радиациялық бақылау;
- · ластанған аудандар мен аномальды аумақтарда кешенді радиоэкологиялық мониторинг жүргізу;
- · радиоэлементтердің миграциясын зерттеу мен гидрохимиялық көрсеткіштерді есептеу үшін радиоизотоптық әдісті қолдану;
- · уранның аналитикалық химиясы мен суды радиациялық бақылау бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру.
«ӨРКЕНДЕУ» ғылыми-зерттеу және білім беру орталығының (жетекшісі – х.ғ.к., қауымд. проф. Х.С.Тасибеков) зертханалары Қазақстан Республикасының аккредитация жүйесі бойынша аккредитацияланған:
- электрохимия өндірісінің технологиясы зертханасы (меңгерушісі – А.П.Курбатов, тел.: +7 (727) 2920991) батареялар және элементтер (марганец-мырышты және сынап-мырышты), аккумуляторлар және аккумулятор батареяларын (никель-кадмий сілтілі, литийлі ), металдық және бейметалдық қаптамалар (бейорганикалық, алюминий мен оның балқымаларынан тұратын анодты-тотықты жартылай дайын өнім) шығарады.
- «Биосфера экологиясы» (меңгерушісі – Б.Н.Кеңесов, тел.: +7 (727) 2921374) мен «Металдарды талдау» зертханалары (меңгерушісі – А.Ю.Соколов) ауыз су, табиғи су, ағынды, өндірістік және канализациялық құбыр суларын, топырақ, қиыршық, түпкі шөгінділер, өндіріс қалдықтарын, минералды тыңайтқыштар, елді мекен және санитарлы-қорғау зоналарындағы атмосфералық ауа, өндірістік өнеркәсіптердің ауаға шығаратын қалдықтарын талдайды.
Орталықтың білім беру бағдарламалары:
- Оқу мекемелерінің, өндірістік компания қызметкерлеріне арналған химия және химиялық технология бойынша біліктілігін арттыру курстары;
- химия пәні бойынша оқушыларға арналған олимпиадаларға практикалық турына даярлау курстары;
- аналитикалық және коллоидтық химияның таңдамалы тараулары бойынша ал-Фараби атындағы ҚазҰУ Біліктілікті арттыру институтымен бірлескен онлайн оқыту курстары.
Органикалық материалдарды талдау орталығы (жетекшісі – х.ғ.д., проф. Г.А. Мун) келесі ақылы қызметтерді көрсетеді:
- техникалық және медика-техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында органикалық заттар мен материалдарды (синтетикалық және табиғи, полимерлер, дәрілік өсімдік шикізаты) талдау;
- органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы саласындағы кәсіби жүұмысшылар, инженерлер және мектеп оқушылары үшін кеңес беру, оқу және тренингтік қызметтер;
- мектеп оқушылары үшін ғылыми жобалардың орындалуына жетекшілікті жүзеге асыру.
Мекен-жайы: 050040, Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71. Тел.: +7 (727) 393-19-12.
Көмірсутек шикізатын өңдеу өнімдерін талдау орталығы (жетекшісі – х.ғ.д. Е.А. Аубакиров) төмендегідей қызметтерді жүзеге асырады:
- жүн майлары мен ланолинді фармакопейлі аттестаттау бойынша және өсімдік майларын гидрлеу өнімдерін анализдеу үшін физика-химиялық сипаттамаларын анықтау;
- жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне «Физикалық химия пәнінен күрделілігі жоғары есептерді шығару» бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру. Білім беру бағдарламасының мақсаты – химиялық және физикалық-химиялық үдерістердің өту заңдылықтарын, фазалық және химиялық тепе-теңдік күйлерін, кинетика мен электрохимияның заңдылықтарын зерттеу.
- мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсиби білімдерін арттыруға арналған курстар:
- • Евроодақтағы және әлемдегі дамыған елдердегі мұнай өңдеудің жай күйі.
- • Қазақстанда және ТМД елдеріндегі мұнай өңдеудің жай күйі.
- • Қазақстанда және ТМД елдеріндегі мұнай және газ тасымалдау.
- • Мұнай және газ өңдеудің инновациялық технологиясы.
- • Құрлықта және теңізде мұнай және газды өндіру технологиясы.
- • Кәсіпшілдік химия. Мұнай және газды өндіруде реагенттермен материалдар, олардың қолданылуы.
- • Күкірт алу қондырғысы. Клаус әдісі.
- • Парафинді және тұтқырлығы жоғары мұнайды дайындау. Мұнайды дайындау мен тасымалдау (технологтар мен лаборанттар үшін).
- • Мұнай өңдеумен мұнайхимиялық синтездің химиялық технологиясы
- • Газ өңдейтін мекемелердегі көмірсутекті газдар мен газконденсатты дайындау және өңдеу технологиясын жетілдіру.
- • Күкіртсутекті және күкіртқұрамды заттарды бейтараптандыру.
- • Мұнай-газ құрылғыларын коррозияға қарсы қорғау
- • Пластардан мұнайда алуды арттыру әдістері
- • Мұнайды өндірудің жаңа технологиясы мен техникасы
Материалдардың физика-химиялық сараптама орталығы (жетекшісі – х.ғ.к. М.И. Тулепов) әртүрлі материалдар, заттар және өнімдерді сот сараптамасын орындау бойынша қызмет көрсетеді. Орталық әртүрлі қатты, сұйық және газтәрізді заттар мен материалдарға химиялық талдау орындау үшін заманауи приборларды қолданады:
- • Сапалық және сандық талдауға арналған Clarus 500 GC газ хроматографы.
- • Мұнайхимия, медициналық, азық-түлік, ауыл шаруашылық, дәрілік, психотропты, есірткілік заттарды және биологиялық жүйелерді анықтау мен экологиялық жағдайды бақылауға арналған ISQ масс-спектрометриялық детектормен жабдықталған «Хроматэк - Кристалл 5000» хромато-масс-спектрометрі.
- • Қатты отындар және басқа заттарды талдау кезде C, N, S, Cl анықтауға арналған Multi EA 4000 (Analytik Jena) элементті анализатор.
- • Заттар мен материалдардың сапалы және сандық талдауға арналған УК-спектрофотометрлер.
Орталық келесі жұмыстар бойынша қызмет көрсетеді:
- • Жанар-жағармай материалдары, мұнай өнімдері мен отындарды талдау;
- • Резина, пластмасса және олардың негізіндегі өнімдерді талдау;
- • Қоспалар, металдар және олардың негізіндегі өнімдерді талдау;
- • Спиртқұрамды сұйықтықтарды талдау;
- • Құрылыс материалдарды талдау;
- • Хош иісті және косметикалық заттарды талдау.