«Жемқорлықтан тыс университет» жобасы

Сенім телефоны 377-34-00

«Жемқорлықтан тыс университет» жобасының мақсаты: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жемқорлыққа қарсы әлеуметтік ортаны қалыптастыру және кез келген төзгісіз жемқорлық құбылыстарына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиясын енгізу

Жобаның әдістемелік негізі:

  • Әлеуметтік әріптестік қағидасына сәйкес бөлінген студенттердің, қызметке қабылдаушылардың, оқытушылар және университеттің әкімшілігі, білім беру процесінің барлық қатысушыларының арасында әріптестік ұстанымын енгізу 
  • Жан-жақты және бірізділікті қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кешенділігі мен жүйелігі

1. Кешенді қызметтің алғашқы жиынтығы- басқару және ұйымдастыру-кадр жұмысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес механизімін енгізу. 

ҚазҰУ-ға негізделген нәтижелерді басқару үшін (НБ) процесті қадағалау жүйесі енгізілді. Нәтижелерді басқару негізі – университет көрсеткіштерін жақсарту бойынша жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу үшін қажетті нақты индикативті жоспарлау және бақылауОқытушылар мен қызметкерлердің деңгейлік қызметінің ашық және айқын көрінісі енгізілді. Соның негізінде біз еңбек ақысына төлем төлеуге ауыстық.

Жыл сайын оқытушылардың, кафедра меңгерушілерінің және декандар арасында лауазымды орынға орналасуға арналған байқау өткізіліп , арнайы комиссия рейтинг нәтижесі негізге алынатын болады.

Мұндай жағдайда нәтижелерді басқару арқылы:

  • Қазіргі заманғы басқаруға қажетті және маңызды атрибут үшін ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;
  • әрбір қатысушының нәтижелері үшін жауапкершілігін арттыру,
  • бақылаудың тұтастай тиімділігінжоғары оқу орны мен бөлімшелер персоналының әрбір қызметін арттыру,
  • жұмысты,оның нәтижелерін сыйақымен бағалау және нақты өлшемдерін жүзеге асыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте негізгі шаралардың бірі- оқытушылар мен қызметкерлердің ұжымдық мәдениет кодексін әзірлеу, студенттің ар-намыс кодексі, ҚазҰУоқытушылары мен студентіне арналған ережені жүзеге асыру. Осы құжаттарда маңызды этикалық стандарттарды енгізу, жоғары кәсіби және моральдық стандарттарға ұжымдық адалдықты нығайтуға бағытталғанкез келген әлеуметтік ахуалдың тәжірибесін құруға ықпал ету.

Барлық факультеттерде этикалық комиссия жұмыс жасайды, олар аталған кодекстің орындалуын бақылап, ұжымдық этиканы бұзғаны үшін әлеуметтік жәнетәртіптік іс-қимыл шараларын әзірлейді.

Ең маңыздысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара қолдануда жеке құрылымдық жедел әрі тез қауіпсіздік орталығын құру көзделеді, қазіргі кезде қауіпсіздік қызметінің қарапайым түрімен салыстырғанда жауапкершігі мен атқарар жұмысы кеңейтілген.

Бұл Орталық ұйымдастырушылық және операциялық іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда, әлеуметтік қауіп-қатерлерді және сыбайлас жемқорлықты қоса алғандақұқықтық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да тәртіп бұзушылықтарықтималдық арналардың алдын алу мен анықтауға бағытталған.

Аталған орталықта ахуалдық және ҚазҰУ-дың жедел әрекет тобы қызмет етеді.

2. ҚазҰУ-да тиімді шешімдерді қабылдау үшін әлеуметтік зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орындау орталығы өткізген ректордың тұрақты сауалнама Блогы арқылы кері байланыс орнатылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қабылданады. Бұл сауалнамалар төмендегі тақырыптарда:

  • Оқытушы студент көзімен

  • Куратор-эдвайзер студент көзімен

  • Оқытушы әріптестер көзімен

  • Таза сессия

  • Студенттердің әл -ауқаты

  • Білім беру жүйесінің сапасы

Сауалнама нәтижелері Ғылыми кеңестің және ректор отырыстарында талқыланды және бос орын МЖӘ үшін конкурста ескеріледі.

3. «Жемқорлықтан тыс университет» жобасының келесі бөлімі - оқу жүйесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиясын енгізу. ҚазҰУ-да халықаралық стандарттарға сәйкес ақпараттық және оқу интранет жүйесіндегі «Универ» жүйесі құрылған. Университет әкімшілігінің бақылауына барлық жүйе айқын әрі ашық түрде көрсетіліп жасалған. Бұл жерде кез келген пайдаланушы электрондық мерзімнің сапаларынөнімділікті,электрондыжазбаларды, көре алады әрі орналастырады. Жүйе оқытушылардың журналға балл және баға қоюда мерзімдік шектеу жасайды, күдікті деп танылған журналға қойылған қатысу/нәтижесінің есебін құрады, емтихан билеттерін жүйелеуге ықпалды, емтихан жұмыстарының кілттерін жүзеге асырады, онлайн-тестпен қамтамасыз етеді және де бітіруші түлектерге жұмыстарын «Антиплагиат» жүйесі арқылы өткізіп барып рұқсат береді.

Кеңсе тіркеушісі ұйымының жүзеге асырылған (кафедра немесе факультетіқызметтерін бөледі әрі қамтамасыз етеді және нәтижелерді бақылайды.

Оқу үрдісінде құзыреттілік-өлшемдер тәсілі негізіндебілім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін жаңа әдістер мен технологиялары енгізіледіБұл олардың оқу жоспарын дамытады,білім беру кешені пәнінің сатысында жүзеге асырылып жатқанын атап көрсетедіБілім беру жүйесінағымдағы және қорытынды бақылауды ұйымдастыру қажетті құзыреттіліктерді дамытады. Сондықтан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да емтихан өту барысы жаңа жүйеде өтуде, бұл оқыту нәтижелерін, даму деңгейін объективті және ашық түрде бағасын береді.

Ректордың, оқу ісі жөніндегі және әлеуметтік даму жөніндегі проректорлардың, жастар ұйымдарының қатысуымен университетте «Таза сессия» акциясы қолға алынып, Штабы құрылды.

Емтихан жазбаша және тестендірілген жүйеде өтеді, ал сырттай білім алушылар үшін қашықтан оқыту технологиясы қолданылады. Сынақ емтихан жұмыстарының мақсаттарын жүзеге асыру үшін, сабақ беруші оқытушылардың қатысуынсызжетекшіп рофессорлардан тәуелсіз комиссиялар құру тәжірибесін енгізді. Сол пән бойынша сабақ беретін оқытушылардың қатысуынсыз тәуелсіз комиссия шифрлаудан кейін студенттердің емтихан жұмыстарына тексеру жүргізеді.

Емтихан кезінде бақылау үшін бейне-баян технологиясы мен мониторниг іске қосылады, бұл онлайн-режимі арқылы студенттердің (ұялы байлыныс құралдарын, дайын жауаптарды, т.с.с) пайдаланбауын, тәртіпті бұзбауын қадағалайды.

Қолмен жасалатын дайын кілттер ғана емес,оның ішіндеаталған рұқсатсыз құралдар және жаңа электронды құрылғыларды пайдалану, емтихан жұмысының күшін жоюға әсері бар және тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылады, қанағаттанаралықсыз бағасы қойылады.

Аталған жұмыс жөнінде университеттің Студенттік Балон үдерісі бюросы мен жастар ұйымдарының басшылары қызу жұмыс жасайтын болады әрі ұйымдастырады. Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім арнайы студенттер дайындап, комиссия құрамында болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың емтихан жүріп жатқан кезеңде іштен бақылаушы ретінде де жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Дайын кілтті пайдалану кезінде ұсталып қалған студенттер емтиханнан шығарылып, келесі оқуы жылына қайта оқуға қалады. Барлық жоғарыда аталған шаралар студенттердің білімін бағалаудағы субъективті факторды жоюға көмектесуге арналған.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес технологиясының тиімділігінің маңызы салауатты, әлеуметтік орта қалыптастыру болып табыладыКөшірме сияқты құбылыстар ғана емес, сол секілді алдаупара берубопсалау, қысым көрсетужәне т.б, ортаны қалыптастыруға жол бермеу.

Бұл жерде әлеуметтік тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын, студенттердің ортасында тек объективті тәрбие деңгейі емес, сонымен қатар субъективті теңдік барлық білім жүйесінде сақталатынын айта кету керек.

Бұл байланыста біз куратор-эдвайзерлер институтына үлкен мән береміз, олардың атқаратын қызметі – студенттерді қолдауға арналған әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады.

Әрбір куратордың өз қызметі бар: әр студентке бару, олардың ортасын анықтау, оның мәселесіне керек кезде педагогикалық және психологиялық көмек көрсету. Студенттер мен кураторлар арасындағы ашық және сенімді қарым-қатынастардың әлеуметтік-психологиялық климатын жақсартуға ықпал ету. Ол адамгершілік және моральдық ортаны жасауға ықпал етеді.

ҚазҰУ-да белсенді дамустуденттерді ңеңбек және құқықтық тәрбие арасында патриотизмді қалыптастыруға бағытталған азаматтық білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін жетілдіру болып табылады.

Біз студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына әлеуметтік әріптес ретінде көп көңіл бөлеміз және олардың басқаруда шешім қабылдай білу амалдарына көмектесуге күш саламыз.

Жатақхана, құқық қорғау және т.б, оқу процесінің сапасы мен қатысуын тексеру, мониторинг және бағалау сияқты маңызды мәселелерді шешуде студенттердің өкілеттіктері айтарлықтай кеңейтілді. Бұл тәжірибе біздің студенттердің өзін-өзі басқаруды сезінуге сонымен әкімшілік,факультет және университеттің басқа қызметкерлерімен оқу жүйесінің нәтижелері үшін жауапкершілік сезімін бөлісуге мүмкіндік береді.

Тұрақты салауатты және шығармашылық әлеуметтік ортаны қалыптастыруға бағытталған жүйе өзінің жемісін береді.

Біздің студенттер ең биік деңгейдегі көрсеткішті оқуда, ғылыми зерттеулерде, олимпиада ойындарында алдыңғы орыннан табылып, ғылыми жарыстарда, спорттық додаларда көрсетіп жүр. Жеткен жетістіктер жыл сайын МЖӘ-де тіркеліп, біздің тек ұлттық деңгейге көшбасшы екенімізді ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі беделді екенімізді дәлеледейді. Сонымен халықаралық QS рейтингісі бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Орталық Азия және Қазақстандағы алдыңғы қатарлы әлемдегі 300 ең беделді университеттің құрамына еніп, соның ішінде осы жылы 236 орында.

Осылайша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өз кезегінде университеттер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы бастау алды, бұл бағыттың іргетасы, оң және табысты тәжірибесі қаланып, ҚР-дағы университтер арасында таралуы мүмкін.