Терроризм мен экстремизмге - ЖОҚ!

11.04.2017

Көрулер: 396

Терроризм мен экстремизмге - ЖОҚ!

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасының "Психологиялық жұмысты ұйымдастыру" мамандығы бойынша оқып жүрген студент-қыздар 2017 жылдың сәуір айында "Біздің қоғамда терроризм мен экстремизм - жоқ!" тақырыбына арналған дәріс өткізді.

Лекциялар үш тараудан тұрды:

- сектанттық және әртүрлі діни қайшылықтар;

- терроризм көріністері және террористік акт кезінде өзін өзі  ұстау;

- интернет-ойындардың әсері мен қауіпі.

Тәрбие жұмысы сағатында болашақ әскери психологтар әскери кафедрада оқитын студенттерімен сауалнама жүргізіп, бұрмаланған діни қайшылықтар жөнінде түсіндірмелер берді. Сондай-ақ террористік қатер барысында өзін ұстау ережелері және бөлек интернет-ойындардың адам психикасына әсер ететін қауіптер туралы айтып берді.

Студенттік лекциялардың соңында студенттер "Бөбек" Ұлттық орталығына "Өзін өзі тану" гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен және "Бөбек" орталығы колледжінің студенттеріне дәріс өткізді.

Діни экстремизм мен терроризмнің көріністері туралы мысалдарды балалар үлкен қызығушылықпен тыңдады, әр топ интернет және интернет-ойындардың мәні мен ролі туралы, ойын құмарлыққа қарсы тұру жөнінде пікір таластырды.

"Бөбек" ұлттық орталығында әскери кафедраның студент-қыздары орталық мұражайының тарихымен танысып, оқушылардың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туралы және әскери кафедрасының оқу ережелері мен тәртібі жөнінде көптеген сұрақтарына жауап берді.

Дәріс жүргізуге әскери кафедра қызметкерлері белсенді ат салысты.

                                                                                                                                                                                                Әскери кафедра