Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық

25.08.2017

Көрулер: 386

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қоғамдық қабылдаудың «Қоғамдық бақылау» жобасы аясында «Мемлекеттік сатып алуда сыбайлас жемқорлық: таратылған белгілі тәсімі» атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша  дискуссия өткізілді.

Шара аясында бірсыпыра сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелер талқыланып, соның ішінде құрылыс пен жол салуға қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды мемлекеттік сатып алу барысында "бармақ басты, көз қысты" сияқты жағдайлар жиі кездесетіндігі тілге тиек етілді.

Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы Г. Мукажанова атап өткеніндей, сыбайлас жемқорлық мәселесі бүгінде мемлекет пен қоғам өмірінде аса өзекті болып отыр. Осыған орай мемлекеттік сатып алу саласындағы кейбір құқықтық актілерді жетілдіру қажет. Бұл ұсынысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Керемет» жастар ресурстық орталығының ҚБ «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдаудың жетекшісі Асқар Әскеров қолдап, жол салу саласына қатысты мемлекеттік сатып алу заңдарындағы кейбір баптарды өзгерту қажеттігін атап өтті.

Іс -шараға Алматы қаласы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаменті, Алматы әкімдігі қыметкерлері, мемлекеттік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері және ғалым заңгерлер қатысты.

Дискуссиялық алаңның қорытындысы бойынша жоғары аталған заңды жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдар дайындалып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тосқауыл қоюдың жолдары жасалды.

Баспасөз қызметі