Стандартизация және Метрология

Стандартизация және Метрология

Қазақстанның халықаралық сауда жүйесіне бірігуінің негізгі жолы стандарттар, метрология және сертификация аймағында бірыңғай талаптар орнататын стандартизация мен метрология болып табылады. Бұл үш компонент бір бірімен тығыз байланысты және бірге дамитын сапаның бірыңғай техникалық инфрақұрылысын құрайды. Тек сонда ғана өнімнің сапасы жайында айтуға болады.

Алайда, сынау, өлшеу немесе ғылыми зерттеу бағыттарында тұтынушы талаптарына сай зертхана мүмкіншіліктерін мойындау үшін зертханалар аккредитациядан өтулері қажет.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ЖШС «Ұлттық аккредитациялау орталығы» аккредитация жүйесі бойынша «Сынамалық және калибрлік зертханалар құзыреттіліктеріне қойылатын жалпы талаптарға» ҚР СТ ХСО/ХЭК 17025-2007 сай аккредитациядан өткен университет зертханаларының тізімі:

1. Ашық типті ұлттық нанотехнологиялық зертхана №KZ.И.02.1371 14-наурыз 2013 жыл;

2. Инженерлік бағыттағы зертхана №KZ.И.02.1383 2-мамыр 2013 жыл;

3. «Физикалық-химиялық зерттеулер және талдау орталығы» ЕММ Сынақ орталығы №KZ.И.02.0817 15-қыркүйек 2014 жыл;

4. ШЖҚ «Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ҒЗИ» ЕММ «Жанғыш қазбалар мен олардың өңделген өнімдерін зерттеу және кешендік талдау жасау» ЕММ сынақ зертханасы №KZ.И.02.1572 3-ақпан 2015 жыл;

5. Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының «Электротехникалық өнімдердің сапасын бақылау және сынақ зертханасы» №KZ.И.02.0801 15-қыркүйек 2015 жыл;

6. ШЖҚ Экологиялық мәселелер ғылыми-зерттеу институтының «Экологиялық сараптама және мониторинг» ЕММ сынақ зертханасы №KZ.И.02.1712 10-наурыз 2016 жыл.

7. ШЖҚ Математика және механика ғылыми-зерттеу институтының «Механика материалдары мен үдерістерін зерттеу» ЕММ сынақ зертханасы №KZ.И.02.1712 5-сәуір 2016 жыл;

8. Химия және химиялық технологиялар факультетінің «Агрохимия және өнеркәсіпке арналған химиялық заттар өндіру зертханасы» өлшеу жағдайын бағалау туралы куәлік №70/16 28-желтоқсан 2016 жыл.