Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы

 

                                                                                          

                                                                                     Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы 

                                                                                    әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

                                                               Ғылым және білім интеграциясы жөніндегі проректоры, 

                                                                                    э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі 


Қабылдау тел: +7 (727) 300-31-41

Қабылдау күндері: Сәр. 14.00 - 17.00 сағатқа дейін

Мекенжайы: Алматы қаласы, Құрманғазы көш., 29, "Ғылым Ордасы" ғылыми кадрлерді даярлау Орталығы, 6 павильон, 317 каб. 

E-mail: gilimorda@mail.ru

Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, 1959 жылы 13 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

1981 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтын ауылшаруашылық өндірісінің  экономист-ұйымдастырушысы  мамандығы бойынша тамамдаған. 1983 жылы Қазақ Экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру ҒЗИ-на аспирантура бөліміне түсіп, оны 1985 жылы сәтті аяқтады. Аспирантураны тамамдағаннан кейін, 1986 жылдан бастап Қазақ Экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру ҒЗИ-да кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, директордың орынбасары лауазымдары бойынша қызмет атқарды. 1994-1195 жылдары Қазақ ауылшаруашылығы ғылым академиясы Президиумының ғылыми хатшысы, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының  бас директоры,  1996 жылы  Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігі экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, 1996-2003 жылдары  Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының  бас директоры,  2003-2005 жылдары «Отан» республикалық саяси партияның саяси кеңес хатшысы, төраға орынбасары лауазымдарында қызмет істеді. 2005-2007 жылдары  ХҚТУ түркітілдес елдердің интеграциялық байланыстарды зерттеу институтының директоры; 2007-2013 жылдары мемлекеттік қызметтер бойынша ҚР Агенттігінің аумақтық басқарма басқарушысы; Жамбыл облысы бойынша Тәртіптік кеңес Төрағасы; 2013-2015 жылдары «КазАгроИнновация» АҚ Басқарма Төрағасы болып  болып сайланды. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Экономика институты» РМҚК директоры болып қызмет етеді.  

         Ә.Ә. Сатыбалдиннің мынадай ғылыми атақтары бар: Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі, Монғол ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі, ҚР ҰҒА академигі, РФ РҒА шетелдік мүшесі.

         Академик Ә.Ә. Сатыбалдин келсідей құрметті атақтар мен марапаттардың иегері:

-         Экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға сіңірген еңбегі, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін  «Құрмет» ордені – 2007 жыл; 

-         Мемлекеттік және қоғамдық қызметке,  еліміздің әлеуметтік және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін «Парасат» ордені – 2012 жыл;  

 

-         «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы – 1999 жыл;

-         Ғылым саласында жеткен жетістігі үшін «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының  лауреаты - 1994 жыл; 

-         Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты - 1988 жыл; 

-         Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі -2016 жыл; 

-         Қазақстан Республикасында конституциялық негіздердің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқаны үшін  «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі – 2015 жыл;  

-         Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі -2011 жыл;  

-          Қазақстан Республикасы мен оның астанасының қалыптасуы мен дамуына  елеулі үлес қосқаны үшін «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі – 2008 жыл;  

-          «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» » мерекелік медалі – 2006 жыл;

-         Қазақстан Республикасында конституциялық негіздердің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқаны үшін  «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі – 2005 жыл;  

-         Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі -2001 жыл.  

Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы мемлекеттік басқару, ауылшаруашылығын дамыту проблемалары мен экономикалық қауіпсіздік, интеграция және т.б. мәселелерді зерттеу саласында атақты ғалым-экономист, беделді маман болып табылады.

Ғалым ретінде мақсатты бағдарламалар, гранттық жобалар, мемлекеттік тапсырыстар мен халықаралық жобалар шеңберінде орындалатын бірқатар іргелі және қолданбалы зерттеулер әзірлеуге ғылыми жетекші және жауапты орындаушы ретінде қатыса отырып, белсенді жұмыс істейді.  200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, біліктілігі жоғары 10 ғылым докторы мен 30 ғылым кандидатын даярлаған өзіндік ғылыми мектебі бар.