Көлік құралдары иелерінің клубы туралы Ереже

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

қызметкерлерінің «Парасат» кәсіптік одағы комитетінің

2011 жылғы 25 қыркүйектегі (хаттама № 8) шешімімен

 бекітілді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің РМК  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің және білім алушыларының – көлік құралдары  иелерінің Клубы мүшелерінің  2011 жылғы 27 қыркүйектегі жалпы жиналысының шешімімен мақұлданды (хаттама № 1)

Көлік құралдары иелерінің клубы туралы Ереже

  1.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1. Көлік құралдары иелерінің Клубы (бұдан әрі-Клуб) көлік құралдарын сақтауды қамтамасыз ету, университеттің көлік инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық бірлестіктермен біргелікті қызмет атқару және университеттің көлік қоятын аумақтарын басқаруға қатысуға, осы Ереженің 2-Тарауында айқындалған басқа да міндеттерді іске асырумен байланысты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  қызметкерлерінің «Парасат» кәсіптік одағы (бұдан әрі – «Парасат» Кәсіподағы) құрамында құрылды.

 

1.2. Клуб Алматы қаласында құрылды. Клуб оқшау құрылған құрылым бөлімше, не филиал, не қандай-да бір автокөлік клубының өкілдігі болып танылмайды.

 

1.3. Осы Ережемен айқындалған мақсаттарға жету бағытында атқарылатын Клубтың қызметі табыс табуға бағытталмайды. Жарна және ерікті төлемақылар түрінде жинақталатын қаржы жиналымы Клубтың Басшысына және Клубтың қызметкерлерлеріне еңбек ақы төлеуге, университеттің қауіпсіздік қызметі қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетуге және Клубтың дамуына жұмсалады.

1.4. Клуб университетінің қызметкерлері мен білім алушылары болып табылатын Клуб мүшелерінен тұрады. Клубтың құрамына, Клуб Кеңесiнiң шешiмi бойынша, университеттің қызметкері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының азаматтары және ұйымдар қабылдануы мүмкін. Клубтың құрамына кіретін ұйымдар кеңесшi дауысқа құқығы бар қатысушының мәртебесiмен иемденеді.

1.5. Клубтың басқарушы органдары болып, Клуб мүшелері қатарынан сайланатын, Клубтың Басқарушысы және Кеңесi танылады. Клубтың қызметін басқаруды Клубтың Басқарушысы және Кеңесі жүзеге асырады, сонымен бiрге, Клубтың кез келген мүшесi Клубты басқаруға  қатысу құқығымен иемденеді. Осы Ережемен айқындалған мақсаттарға жетуге бағытталған  кез келген мәселе бойынша соңғы шешім Клуб Кеңесімен қабылданады.

1.6. Клубтың эмблемасы, символикасы және басқа да айырмашылық белгілері болады. Эмблема, символика және басқа да белгілері Клуб Кеңесінің шешімімен бекітіледі.

1.7. Осы Ереже, сонымен қатар, барлық қосымша актілер «Парасат» Кәсіподағының актілері болып табылады. Осы Ереже және «Парасат» Кәсіподағының басқа да актілері міндетті түрде Клубтың Басқарушысы, Кеңесі және Клуб мүшелерінің қызметінде басшылыққа алынады. Клубтың мүшесі Клубқа не Клубтың қызметіне, мүддесіне тікелей не жанама қайшы келетін әрекеттерге бармауға тиіс.

1.8. Клубтың мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, : Әл Фараби даңғылы, 71. Кеңсе: Бас корпус - ректорат, 13 қабат.13-04 бөлме.

  1. Клубтiң мақсаттары

2.1. Университетті басқарудың заманауи жаңа корпоративтік моделінің енгізілуі  және осы жүйе негізінде Клубтың мақсаттары болып:

2.1.1. Қызметерлер мен білім алушылардың, олардың лауазымның және әлеуметтік мәртебесінің айырмашылықтарына қарамастан, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мақсатында бірігуі.

2.1.2. Клуб мүшелерінің жол көлігін басқару және пайдалану саласында техникалық  білімділігі деңгейін арттыру және тәжірибелерімен өзара алмасу.

2.1.3. Көлік құралдарын насихаттау және пайдалану мақсатында құрылған басқа да қоғамдық бірлестіктермен, әртүрлі маркалық автокөліктерді Қазақстан аумағына ресми тасымалдаушылармен бірлесе қызмет атқару, қоса алғанда, Клуб мүшелерінің көлік құралдары туралы жән-жақты білім, дағдылар алуға, әртүрлі маркалық автоорталықтарда қосалқы бөлшектермен қызмет түріне деген жеңілдіктермен пайдалану мәселелері бойынша әлеуметтік келісімдер жасау негізінде біргелікті іс-шаралар өткізу.

2.1.4. Техникалық қызмет көрсету станцияларымен, автокөліктердің қосалқы бөлшектерін сататын дүкендермен, қоғамдық тармақтану кәсіпорындарымен  және басқа да ұйымдармен Әлеуметтік дисконттық бағдарламаларды дамыту мәселесі жөнінде  Клуб Кеңесі өзінің бастамашылдығымен, ұсынылатын тауар мен көрсетілетін қызмет түріне байланысты, Клуб мүшелеріне берілетін жеңілдіктер туралы, әлеуметтік келісімдер жасау мүмкіндігімен иемденеді.

2.1.5. Спорттық сипаттағы, әртүрлі нысандағы  фестивальдерге және басқа да техникалық бағыттылықтар бойынша қала шегінен тыс бірлескен топтық кездесулерді ұйымдастыру.

2.1.6. Қазақстан Республика аумағында және Қазақстан аумағынан тыс жерлерде өзінің қызметін атқаратын автокөлік клубтаырмен бірлесіп қызмет атқару, келіссөздер жүргізу.

2.2. Шек қойылады:

2.2.1. Қазақстан Республикасы заңнамасын, сонымен қатар, жол қауіпсіздігі мен жол қозғалысы ережелерiн, транспортты басқару үдерісінде әдептілік нормаларының бұзылуын насихаттауға.

2.2.2. Клубтың қызметiнен коммерциялық табыс табуға шығаруы.

3. Клубтың міндеттері мен қызмет түрлері.

3.1. Көлiк құралдары иелерiнiң өзара бірлесіп ынтымақтастықта болуына және салауатты өмiр салтының насихатталуына жағдайлар жасау.

3.2. Мәдени-ағарту бағытында іс-шараларының өткiзілуi, сонымен бiрге, басқа автомобилдiк клубтармен өткізілетін ұқсас шараларға қатысу.

3.3. Клубтың қызметі жөнінде ақпарат беру және Клубтың мүшелігіне жаңа мүшелерді, жеке және заңды тұлғаларды, тарту мақсатында Клубтың Web-сайтын жасау және сүйемелдеу.

3.4. Клуб мүшелерінің сапасы жоғары тауарларға және қызмет түрлеріне жеңілдік алуы үшін әлеуметтік дисконттық бағдарламаны ұйымдастыру және дамыту.

3.5. Клубтың символикасын, сувенирлік және басқа да белгілерін жасау және тарату.

3.6. Клубтың өркендеуіне елулі үлес қосқан мүшелерге қатысты төс белгілер мен атақтарды белгілеу және оларды мадақтау.

3.7. Клуб Қазақстан Республикасының заңнамасымен, «Парасат» Кәсіподағы Жарғысымен және осы Ережемен шектелмеген басқа да қызмет түрлерін атқаруға құқылы.

  1. Клубтың қызметiн қаржыландыру

4.1. Клубтың қызметi ай сайынғы, тоқсан сайынғы Клуб мүшелерімен ерікті түрде төленетін мүшелiк жарналар есебінен  және  демеушiлік, басқа да заңнамамен шектелмеген қайнар көздерден қаржыландырылады.

4.2. Осы Ереженің 4.1. тармағында көрсетілген қайнар көздерден бөлінетін қаржылар Клуб мүшелерiнің арасында бөлінбейді және Клубтың дамуы мен қызметiн сүйемелдеуi үшiн ғана жұмсалады.

5. Көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету

5.1. Клуб мүшелеріне тиесілі көлiк құралдарының сақталуы университеттiң қауiпсiздiк қызметiнiң қызметкерлерiне жүктеледі не/сонымен қатар қызмет көрсету шарты негізінде жалданған жеке тұлғаларға жүктелуі мүмкін.

5.2. Көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ететін тұлғалардың материалдық және азаматтық құқықтық жауапкершiлiгi еңбек және азаматтық заңнамаға, университеттің актілеріне, ұжымдық және еңбек шартының жағдайларына сәйкес анықталады.

5.3. Осы Ереженің 5.1-шi және 5.2. тармақтарына сәйкес  қауiпсiздiк қызметiнiң қызметкерлерiн материалдық ынталандыру, қызметiне ақы төлеу кәсіптік одақ комитетінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

5.4. Клуб Басқарушысының еңбек ақысы «Парасат» Кәсiподағы комитетiнiң шешiмiмен бекiтіледі.

6. Клуб қызметінің тоқталуы

6.1. Клубтың қызметін тоқтату туралы шешім не/және Клуб мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмі негізінде «Парасат» Кәсiподағы конференциясымен қабылданады.

6.2. Клубтың қызметінің тоқтатылуы туралы шешіммен, кем дегенде, отыз күнтiзбелiк күн бұрын, Клуб мүшелері және университеттiң әкiмшiлiгi таныстырылады.