Пекин Шет тілдер университеті жанындағы Қазақстандық Орталық

Пекин Шет тілдер университеті жанындағы Қазақстандық Орталық 

Құрылған жылы: 2016.

Қызметтің негізгі ғылыми бағыттары: қазақ тілін екінші шет тілі ретінде үйрету; қазақ тілін үйрету бойынша бірлесе отырып оқулықтарды, сөздіктерді және басқа да оқу құралдарын құрастыру немесе Қытайдағы кезекті шығарылыммен ҚазҰУ-дың дайын оқулықтарын аударып, икемдеу.

Халықаралық ынтымақтастық: Өзара тиімді келісім келесі бағыттарды ескере отырып жасалуы тиіс:  қазақ тіл мен әдебиеті, филология. Университет оқытушылары мен қызметкерлерінің алмасуы. Оқытушы-профессорлар құрамына арнайы біліктілікті арттыру курстарының ұйымдастырылуы. Бірлесе ұйымдастырылған курстарды өткізу үшін оқытушылармен алмасу. Ғылыми зерттеу тәжірибесі мен тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету үшін бакалавриат, магистратура, докторантура оқу деңгейлері бойынша студенттермен  өзара алмасу. Бірлескен қос диплом беруді қарастыратын білім беру бағдарламаларын, сонымен қатар оқу жоспарларын өңдеу және жүзеге асыру.

Орталық жетекшісі туралы ақпарат: Карабаева Каншаим Абдуталиповна, тел.: 13260157299;  эл.пошта: khanshaim63@mail.ru khanshaim63@gmail.com