Росток қаласы (Германия) университетіндегі химиялық бірлескен зертхана

Росток қаласы (Германия) университетіндегі химиялық бірлескен зертхана  

Құрылған жылы: 2014

Негізгі ғылыми жұмыстары: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Росток (Германия) университетінің арасындағы ынтымақтастық шеңберінде катализ және органикалық химия аумағындағы үздік зерттеулерді жүргізу үшін бірлескен зертхана құрылды. Зертхана Росток университетінде орналасқан және жоғары деңгейде зерттеулер жасауға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталған: ЯМР-, масс-, ИҚ-, УК-спектрометрлер, хроматографтар және т.б.

Халықаралық ынтымақтастық: Қазіргі таңда 30-ға жуық бірлескен мақалалар жоғары импакт-факторлы журналдарда жарияланды. Осы зертхананың тәлімгер қызметін ҚазҰУ-дан Кельжанова Назкен атқарады. Ол алғашқы уақытта PhD студент болды, ал қазіргі уақытта сол зертхананың ғылыми қызметкері ретінде жұмыс жасайды. Кельжанова Назкен ҚазҰУ-дан келген студенттер мен ғалымдарға бірлескен ғылыми жұмыстарды жасауға көмектеседі. Осындай зертхананың ашылуының арқасында ҚазҰУ-дан келген студенттер мен ғалымдар үшін Росток университетінде заманауи қондырғыларда ақысыз жұмыс жасап үйренуіне және ғылыми зерттеулерін өте жоғары деңгейде жасауға мүмкіндігі туып отыр. 

Орталық басшысының байланыс деректері: Бұл жобаның ғылыми жетекшілері: профессор Питер Лангер (Росток университеті): e-mail: peter.langer@uni-rostock.de

профессор Әбілов Ж.Ә. (органикалық заттар, табихи қосылыстар және полимерлер химиялық технологиясы кафедрасы): Zharlykasyn.Abilov@kaznu.kz, тел.: 8-701-7106389, 8-705-2221233.